Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына, Қостанай облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 20 сәуiрдегi № 157 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2009 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы", мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 3677, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл, село және селолық округтердiң әкiмдерi:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес әскерге шақырылушылардың дер кезінде хабардар етілуін және Науырзым ауданының шақыру учаскесiне келуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды адамдар тасымалдау үшiн арнаулы жабдықталған көлiктермен жеткізсін;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге жіберілген әскерге шақырушыларға бақылау жүргізсін;
Тармақша 4
4) әскери қызметті өтеуге жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу үшін автобус бөлсін.
Тармақ 5
5. Науырзым ауданы әкімдігінің "Атамекен" мемлекеттік коммуналдық кәсiпорны аудандық шақыру учаскесiндегi техникалық жұмыстар үшiн, жалақыларын сақтай отырып екі қызметкер бөлсін.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясы өтетін күндері шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерін бөлу;
Тармақша 2
2) кестеге сәйкес әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін учаскелік полиция инспекторларын жіберу;
Тармақша 3
3) мерзімді әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен облыстық медициналық комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін полиция инспекторларын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына шақыру кезеңінде (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен, мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен жабдықтау жөніндегі жұмысты;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды станционарлық тексеру, емдеу үшін аурухана палаталарында он орын бөлуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Меншiк нысанына қарамастан ұйым, кәсiпорын мен мекеме басшыларына азаматтардың медициналық комиссиядан өтуіне байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, сонымен қатар шақыру кезеңiнде медициналық комиссиядан өтуге жататын азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақталады.
Тармақ 9
9. "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Науырзым ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 10 сәуiрдегi № 83 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі нөмiрi 9-16-68, 2008 жылғы 22 мамырда аудандық "Науырзым" газетiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. С. Қуатқановқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛIСIЛДI: "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы ___________________ О. Жанатов "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ Қ. Сыздықов Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ___________________ С. Исмағұлова
Басқа 23
Науырзым ауданы әкімдігiнiң 2009 жылғы 18 мамырда № 117 қаулысымен бекітілген Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Негізгі құрамы: Халит Iлиясұлы Едiресов - "Науырзым ауданының iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Орал Тумырзаұлы Баймурзин - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қостанай облысының iшкi iстер Департаментi Науырзым ауданының iшкi iстер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi бастығының орынбасары (келісім бойынша) Рсалды Жабағықызы Бадығұлова - Қостанай облысы әкiмдiгiнiң Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының (бұдан әрi – "Науырзым АОА" МКҚК) дәрігер-терапевтi, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Резервтік құрамы: Аян Тәттiбайұлы Бозаев - "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және шақыру бөлiмшесiнiң бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Сертай Шәймерденұлы Шарафиев - ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия құрамы: Олжабай Файзоллаұлы Жанатов - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қостанай облысының iшкi iстер Департаментi Науырзым ауданының iшкi iстер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы келісім бойынша) Сара Маруарқызы Исмағұлова - "Науырзым АОА" МКҚК бас дәрiгерi (келісім бойынша) Гүлжан Бағытжанқызы Ахметжанова - "Науырзым АОА" МКҚК медициналық мейірбикесi, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Елжан Ержасланұлы Смағұлов - "Науырзым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Алтын Ермекбайқызы Спанова - "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының фельдшері, комиссия хатшысы болып енгізілсін (келісім бойынша)