2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 08.05.2009 г. № 102 (2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбелері 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, аудандық бюджет есебінен қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныспен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. «Сарысу ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы «8» мамырдағы № 102 «2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қаулысымен келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ:»
«Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер
департаментінің Сарысу аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Б. Нүркенов
08 мамыр 2009 жыл
«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е. Абдуллаев
08 мамыр 2009 жыл
Сарысу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 102 қаулысына 1-қосымша
2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбелері
1. «Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Сарысу ауданы Байқадам ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Сарысу ауданы Жайылма ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
4. «Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5. «Сарысу ауданы Игілік ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6. «Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
8. «Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. «Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
12. «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
13. «Сарысу ауданы әкімиятының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
14. «Сарысу ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
15. «Сарысу ауданы әкімиятының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
16. «Сарысу ауданы әкімиятының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
17. «Сарысу ауданы әкімиятының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарысу ауданы әкімиятының «Көгалдандыру және көріктендіру кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
19. «Сарысу ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
20. Сарысу ауданы әкімиятының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сарысу сулары» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Сарысу ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 102 қаулысына 2-қосымша
2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
№
Жұмыстардың
түрлері
Көлемі мен нақты
жағдайлары
Қаржыландыру
көздері,
еңбегіне
төленетін
ақының
мөлшері (адам
басына)
Сұра-
ныс
Ұсы-
ныс
1
Ауылдық
аймақтардың
аумақтарын
тазалау
жұмыстары
1) Арық тазалау -
65 шақырым (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай;
2) Күл-қоқыс шығару
- 2500 тонна (жалпы көлемі), күніне 7 сағат, 6 ай
20205 теңге
аудандық
бюджет
180
180
2
Саябақтарды
көгалдандыру
және
көріктендіру
1) Гүл егу және оны
күту - 100 шаршы
метр (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай;
2) Тал отырғызу
және оны күтіп
баптау - 150 шаршы
метр (жалпы көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай
13470 теңге
аудандық
бюджет
25
25
3
Құжаттарды
рәсімдеуге
техникалық
көмек
Құжаттарды
компьютерде теріп,
шығару -
қажеттілігіне
сәйкес (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай
15000 теңге
аудандық
бюджет
20
20
4
Жаңатас
қаласында
санитарлық
тазалық
жұмыстарын
жүргізу
Қаладағы бекітілген
аймақтарды тазалау
- қажеттілігіне
сәйкес (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай
15000 теңге
аудандық
бюджет
78
78
5
Әскерге шақыру
кезіндегі
ұйымдасқан
шараларды
орындау үшін
көмек көрсету
Әскерге шақыру
қағаздарын тарату
- қажеттілігіне
сәйкес (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай
15000 теңге
аудандық
бюджет
2
2
6
Тұрғын үйлерді
күрделі жөндеу
және құрылыс
жұмыстарына
қатысу
Аудандағы тұрғын
үйлерді күрделі
жөндеу жұмыстарына
қатысу - 200 шаршы
метр (жалпы
көлемі), күніне 7
сағат, 6 ай
25000 теңге
аудандық
бюджет
15
15
Барлығы
320
320