Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Караганды на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы, 6 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 13 тармақшасына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысы сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):
Тармақша 1
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
Тармақша 2
2) жұмыссыздарға - кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
Тармақша 3
3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру 2009 жылғы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша және 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша көзделген Қарағанды қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
Тармақша 4
4) жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы 15000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.