Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қостанай облысы әкiмдігінiң 2009 жылғы 20 сәуiрдегi № 157 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (2009 жылғы 27 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3677 болып тіркелді) қаулысы негізінде Алтынсарин ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер жынысты азаматтарды, шақырудан кейінге қалдырылу құқығынан айырылған немесе шақырудан босатылған, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызметті өтемеген азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуы 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында ұйымдастырылсын және өткізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Мерзімді әскери қызметке 2009 жылы шақыруды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен селолардың әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде шақырылушыларды Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне хабардар етуді және уақытылы келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Куанова) (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесін дәрігер–мамандар және орта буын медициналық қызметкерлермен жабдықтау;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін орындармен қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Б.А. Шубаев) (келісім бойынша) шақыруды жүргізу кезеңінде медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін Алтынсарин аудандық орталық ауруханасына полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды 2009 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 66 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының күші жойылды деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-5-65, 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 15 "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған).
Тармақ 8
8. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 сәуірдегі № 113 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуiр – маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулының күші жойылсын.
Тармақ 9
9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап қолданысқа таратылады. КЕЛІСІЛДІ "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________ Д. Айсин "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері _________________ Ж. Қуанова "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ Б. Шубаев
Басқа 13
Әкімдіктің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 152 қаулысымен бекітілген Әкімдіктің 2009 жылғы 2 қыркүйектегі № 233 қаулысына қосымша 2009 жылы азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу КЕСТЕСІ №р/с Се­ло­лық округ­тер мен се­ло ата­уы бар­лы­ғы Негіз­гі күн­дер Ре­зерв­ті күн­дер Сәуір қа­зан мамыр қараша 13 14 15 16 17 12 13 14 15 16 26 14 15 25 26 27 1 Боль­ше­чу­ра­ков се­ло­лық окру­гі 70 32 38 2 Ди­мит­ров се­ло­лық окру­гі 40 13 27 3 До­ку­ча­ев се­ло­лық окру­гі 63 25 38 4 Крас­ный Кор­дон се­ло­сы 29 13 16 5 Лер­мон­тов се­ло­лық окру­гі 34 22 12 6 Ма­я­ков­ский се­ло­лық окру­гі 23 7 16 7 Но­воалек­се­ев се­ло­лық окру­гі 42 18 6 24 8 При­озер­ный се­ло­лық окру­гі 10 4 9 Сверд­лов­ка се­ло­сы 19 7 12 43 10 Си­лан­тьев се­ло­лық окру­гі 79 36 11 Оба­ған се­ло­сы 21 9 12 12 Щер­ба­ков се­ло­лық окру­гі 70 35 35 Бар­лы­ғы: 500 47 48 50 43 33 47 50 43 50 49 40