О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2009 год Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем-шөп сатып алу үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармақ 14) тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (ІV шақырылған кезекті ХI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" № 129/11 шешіміне сәйкес, ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға отбасының жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда біржолғы материалдық көмек алу құқық белгіленсін.
Тармақ 3
3. Біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ксерокөшірмесі);
Тармақша 6
6) жеке басының куәлігі (ксерокөшірмесі);
Тармақша 7
7) "Қазақпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
Тармақ 4
4. Жеп-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2009 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін
біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусым № 315/6
қаулысына қосымша
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін
біржолғы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Төлеубаев Сансызбай Сапарұлы
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Серік Әубәкішұлы Арыстанов
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Дәмеш Баянжанқызы Қамзенова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттағы азаматтармен жұмыс бойынша секторының бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері
Бибігүл Мүбаракқызы Аманова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Әлия Қоқышқызы Базарбаева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Тоқуров Өтен Борамбайұлы
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы.