Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
ҚАЗХалықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108/7
- Қабылданған күні
- 15.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2009 · қолданыстағы AI47163_0.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PE000066
- ЭКБ идентификаторы
- 47163
- Редакция идентификаторы
- AI47163_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:47
0 Халықтың нысаналы топтарын белгілеп 2009 жылы оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Баянауыл ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылады:
1 1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2 2) 50 жастан асқан әйелдер;
3 3) 55 жастан асқан ерлер;
4 4) 29 жасқа дейінгі жастар;
5 5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
6 6) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
7 7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
8 8) жыл ішінде жоғарғы, арнаулы орта және жалпы орта білім беретін оқу орындарын бітірген түлектер;
2 2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталады:
1
1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға, асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға, зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған ), 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізіледі;
2 2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерліккі шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылады;
3 3) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім–шарттар жасалады.
3
3. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге, уақытша әлеуметтік жұмыс орны құруға және оқу мекемелерін бітірген жастарды тәжірбиесін өткізу үшін кез-келген нысандағы жеке меншік кәсіпорындар және ұйымдарымен келісім-шарттар жасалады.
Жұмысқа катысушылардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің жартылай өтемақы шығындарын аудандық бюджет есебінен ең төменгі жалақының мөлшерін құрайды.
Жұмыс беруші жағынан қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган мен жұмыс беруші арасында жасалған келісім-шартпен анықталады.