О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-09/1152 хатын қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ Н. Бодня 30.09.2009 "Қарабалық ауданының ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ А. Бейсембаев 30.09.2009