Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Алтынсаринского района на 2009 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, 23 қаңтар 2001 жылғы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 61 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде 9-5-83 нөмірмен тіркелген, "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде 2009 жылдың 19 наурызында, № 11 жарияланған) өзгерістер және толықтырулар енгізілумен әкімдіктің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 158 "Әкімдіктің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 61 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде 9-5-93 нөмірмен тіркелген, "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде 2009 жылдың 16 шілдесінде № 29 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ Л. Чиркова 2009.10.07
Басқа 5
Әкімдіктің 2009 жылғы 7 қазандағы № 274 қаулысына қосымша 2009 жылға арналған, Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Аз қамтылғандар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған, адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлікке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғарғы және оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің штаты немесе санының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
Тармақ 13
13. Жұмыссыз болып табылатын, курстық дайындықтың түлектері.
Тармақ 14
14. Елу жастан жоғары жұмыссыздар.
Тармақ 15
15. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 16
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл немесе одан да көп).