Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2009 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестікке келтіру мақсатында Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2009 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін: "орта және бастауыш кәсіби білімі бар түлектер; ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемеген жұмыссыздар; бұдан бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар; елу жастан асқан жұмыссыздар".
Тармақ 2
2. Әкімдіктің "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-99 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 30 қаңтарында "Арқалық хабары" газетінде жарияланған, бұдан бұрын 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 151 "Әкімдіктің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 28 "Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы", Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-109 нөмірімен тіркелген, "Арқалық хабары" газетінің 2009 жылдың 15 мамырында 19 (248)-нөмірінде жарияланған қаулысымен толықтырулар енгізілген) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы ________________ М. Сүлейменова