О предоставлении подъемного пособия специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы в сельские населенные пункты района в 2009 году Қолданыста
Басқа 0
2009 жылы ауданның ауылдық елді мекенді кенттеріне жұмыс істеуге және тұрғылықты тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармақ 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бап 3 тармақ 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау" шаралары Ережесінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы жетпіс айлық көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан соң, он күннен кейін өз күшіне ие болады және 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдайға байланысты да қолданылады.