Қолданыстағы ред. 07.04.2011

2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 23.09.2009 г. № 18/02 (2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 санды "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырып және қамтамасыз ету үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін (N 1 қосымша).

3

3. Комиссия мүшелерінің түрлі себептермен шақыру мерзімі кезінде болмай қалған жағдайда қосымша комиссияның құрамы бекітілсін (N 2 қосымша).

4

4. Шақырылушыларды дәрігерлік сараптамадан өткізетін дәрігерлік комиссия құрамы бекітілсін (айырбастау құқығынсыз) (N 3 қосымша).

5

5. Ұлытау ауданының қаржы бөліміне (Т. Шайхин.): шақыруға байланысты шараларды "Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі шаралар" бағдарламасы бойынша берілген есепке сәйкес бюджетте көрсетілген қаржыны бөлу тапсырылсын.

6

6. Ұлытау ауданының медицина бірлестігіне (Мазитов У.С. - келісім бойынша): шақыру комиссиясының жұмысы уақытында дәрігерлік комиссия мүшелерінің негізгі жұмыс орындары мен жалақыларының сақталуын, дәрігерлік комиссияны дәрі-дәрмекпен, қажетті дәрігерлік құралдармен жабдықтау және емдеуді қажет ететін шақырылушыларды толық емделулерін қамтамасыз ету тапсырылсын.

7

7. Ұлытау ауданының ішкі істер бөліміне (Жанпейсов. Қ - келісім бойынша):

1

1) әскери шақырудан бұлтарып жүрген 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды іздестіріп, ұстап, оларды шақыру учаскесіне жеткізу;

2

2) шақырылушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмауды алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін шақыру мерзімі кезінде аудандық шақыру учаскесіне тұрақты 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;

3

3) әскер қатарына шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен Қарағанды қаласындағы облыстық жинақтау орнына бекітілген кесте бойынша автокөлік және теміржол көлігімен жеткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1 (бір) ішкі істер қызметкерін бөлу;

4

4) қылмыстық жауапқа тартылғандар, қамаудағы немесе тергеуде жүрген шақырылушылар туралы деректерді аудандық шақыру учаскесіне жедел хабарлап отыру ұсынылсын.

8

8. Ауданның кенттік, селолық әкімдеріне және (меншік нысанына қарамастан) барлық басқарма, мекеме, кәсіпорын басшыларына "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес мына іс-шараларды жүргізу тапсырылсын:

1

1) шалғай жерлерде тұратын шақырылушыларға уақытында хабар беріп, олардың аудандық шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде дер кезінде келіп, аудандық шақыру комиссиясынан өтуін қамтамасыз ету;

2

2) іс сапарда жүрген, ауысыммен жұмыс істейтін және арнаулы оқу орындарында оқитындардың (студенттер) мекеме басшысына шығып, уақытша босатып, аудандық шақыру комиссиясына келуіне жағдай жасау;

3

3) аудандық шақыру учаскесімен тығыз байланыста болып, 2009 жылы қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы мемлекеттік іс-шараның өтуіне ат салысу;

4

4) шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына бекітілген кесте бойынша автокөлікпен жеткізу кезінде олардың жеке бастарының қауіпсіздігін сақтау.

9

9. Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Айтжанов Ж.А.): Заңға сәйкес, шақыру комиссиясының жұмысы уақытында аудандық шақыру учаскесіне техникалық жұмыстар үшін ресми тіркелген жұмыссыздар арасынан уақытша 5 (бес) жұмыскер бөліну тапсырылсын.

10

10. Ауданның жергілікті атқарушы органдары басшыларына Заңның 44 бабының 3, 4 тармақшаларына сәйкес, аудандық шақыру комиссиясының жұмыс уақытында аудандық шақыру учаскесіне N 4 қосымшаға сәйкес, 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен қамтамасыз ету тапсырылсын.

11

11. Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Жарылғапов М. - келісім бойынша):

1

1) шақырылушылар арасында саяси-құқықтық және тәрбие жұмыстарын жүргізу мақсатында қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесін тиісті ақпарат құралдарымен жабдықтау;

2

2) шақыру аяқталғаннан кейін оның қорытындысы туралы аудан әкімі аппаратына 2009 жылдың 25 желтоқсанға дейін жазбаша ақпарат беру ұсынылсын;

3

3) шақыру комиссиясының жұмысын толық қамтамасыз ету, ұйымдастыру барысында аудан мекемелері және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен комиссия отырыстарын өткізіп отыру ұсынылсын.

12

12. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі "1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылдың көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 6/94 қаулысы Ұлытау ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 23 сәуірде N 8-16-30 мемлекеттік тіркелген, "Ұлытау өңірі" газетінің 2008 жылығы 1 мамырдағы N 19-20 (5638) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

13

13. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 мамырдағы "1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдың көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 09/09 қаулысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден бас тартылуына байланысты күші жойылды деп танылсын.

14

14. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Т.Ж. Садықовқа жүктелсін.

15

15. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Келісілді:
Ұлытау ауданының қорғаныс істері
жөніңдегі бөлімнің бастығы
Жарылғапов
Мұхтар Жүсіпұлы
2009 жыл __ _____________
Ұлытау ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
Жанпейсов
Құрмет Егінбайұлы
2009 жыл __ _____________
Ұлытау ауданының медицина
бірлестігінің директоры
Мазитов
Урал Сафиуллаұлы
2009 жыл __ _____________
Ұлытау ауданының қаржы
бөлімінің бастығы
Шайхин
Тасболат Зайырұлы
2009 жыл __ _____________

27. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 1 қосымша
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Жарылғапов Мұхтар
Жүсіпұлы
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы, шақыру комиссияcының
төрағасы
Кенгірбаева Айжан
Тимофейқызы
- аудан аудандық ішкі саясат бөлімінің
бас маманы, комиссиясы төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әйтенов Бағдат
Қойшығарыұлы
- аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығының орынбасары
Ильясов Ерден
Әріпұлы
- аудандық медицина бірлестігінің
дәрігері медициналық комиссиясының
төрағасы
Келмағанбетова Сауле
Көңілбайқызы
- аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі, комиссия хатшысы
Жөкенов Рахмания
Төтайұлы
- Аудан әкімі аппаратының заңнамалық
бақылау жөніндегі бас иснпекторы

28. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 2 қосымша
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚҰРАМЫ
Елеуов Болатбек
Әлсерікұлы
- аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің келісім шарт бойынша әскери
қызметшілерді жинақтау және әскерге
шақыру бөлімшесінің бастығы, шақыру
комиссиясының төрағасы
Өткелбаев Ерлан
Серікұлы
- аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру
және кадрлармен жұмыс бөлімінің
меңгерушісі, шақыру комиссиясы
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Бапов Қанат
Тұрсынұлы
- аудандық ішкі істер бөлім
бастығының орынбасары
Омаров Әбдіқадыр
Төлешұлы
- аудандық медицина бірлестігінің
терапевт дәрігері
Нұржігітова Әнуза
Айтжанқызы
- аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі, комиссия хатшысы

29. ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 3 қосымша
ДӘРІГЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Ильясов Ерден
Әріпұлы
- аудандық медицина бірлестігінің
оташы дәрігері, дәрігерлік
комиссиясының төрағасы
Жаңбыршиева Замира
Жақсыбайқызы
- аудандық медицина бірлестігінің тері
және жүйке дәрігері
Омаров Әбдіқадыр
Төлешұлы
- аудандық медицина бірлестігінің
терапевт дәрігері
Жаншураев Әділбек
Өтегенұлы
- Жезқазған қаласының орталық
емханасының құлақ-мұрын дәрігері
Наурызбаева Ақзейнеп
Оразбекқызы
- аудандық медицина бірлестігінің
жүйке аурулар дәрігері
Бегаев Толеу
Оразалыұлы
- аудандық медицина бірлестігінің
тіс дәрігері
Мүбаракова Гүлсінай
Темірқұлқызы
- Жезқазған қаласының орталық
емханасының көз дәрігері
Келмағанбетова Сауле
Көңілбайқызы
- аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі
Сейтмағанбетова Сауле - аудандық медицина бірлестігінің
медбикесі

30. 2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу шарасына 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен бөлінетін мекемелер тізімі

2009 жылғы 23 қыркүйек N 18/02
аудан әкімдігінің қаулысына
N 4 қосымша
2009 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу шарасына 1 (бір) қызметкерден және қызметтік автокөлігімен бөлінетін мекемелер тізімі
N р\с
Мекемелер атауы
қызметкер саны
орындалу мерзімі
Жауапты қызметкер
1
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
1
01.10 - 20.12.2009
Ж.А. Айтжанов
2
Аудандық білім бөлімі
1
01.10 - 20.12.2009
М. Қожахметов
3
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1
01.10 - 20.12.2009
М. Еділбаев
N р\с
Мекемелер атауы
қызметтік Автокөлік саны
орындалу мерзімі
Жауапты қызметкер
1
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
1
01.10. - 30.10.2009
Ж.А. Айтжанов
2
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1
30.10 - 15.11.2009
М. Еділбаев
3
Ұлытау селолық округі әкімінің аппараты
1
15.11 - 30.11.2009
М. Оразалин
4
Аудандық жер қатынастары бөлімі
1
15.11 - 30.11.2009
Ж. Алиакпаров