Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы" N 994 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы" N 994 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 09 қыркүйектегі N 10-9-136 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2010 жылдың 15 қыркүйек N 75 санымен жарияланған) N 994 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін. 1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.