Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 06/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 06/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "1983-1992 жылы туған азаматтарды 2010 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" N 06/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-17-97 болып тіркелген, "Шет Шұғыласы" газетінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 18 (10.273) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Аталған қаулының N 1 қосымшасындағы "Баданов Бауыржан Амангелдіұлы" деген сөздер "Сембек Қайырқұл Тлеуқабылұлы", "Жазыбаев Есенжол Серікұлы" деген сөздер "Карсембаев Қанат Тлеубергенович" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) Аталған қаулының N 3 қосымшасындағы "Жазыбаев Есенжол Серікұлы" деген сөздер "Карсембаев Қанат Тлеубергенович" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ: Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы Қ. Жанзақов 20 қыркүйек 2010 жыл Шет ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы А. Қанафин 20 қыркүйек 2010 жыл