Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗҚазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41/317-IV
- Қабылданған күні
- 01.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2012 · қолданыстағы AI58572_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UF000134
- ЭКБ идентификаторы
- 58572
- Редакция идентификаторы
- AI58572_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:40
0 Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 31/226-ІV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы» Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 31/226-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-101 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 маусымда «Қазығұрт тынысы» газетінің 38-39 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімімен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі туралы қосымшасы мынадай 13-1 тармағымен толықтырылсын:
«13-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі. Тұрғын үй көмегін тағайындауда отбасының жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар есепке алынбайды.»