Құжат мәтініне өту

2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 05 · қабылданған 29.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-1993-ekb-50191/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 05 ·29.12.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 05 · қабылданған 29.12.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05
Қабылданған күні
29.12.2009
Қолданысқа енгізілген күні
07.02.2010
Көрсетілген редакция
08.06.2012 · қолданыстағы AI50191_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GC000107
ЭКБ идентификаторы
50191
Редакция идентификаторы
AI50191_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:26

0 2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша ұсынылсын) әскери шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2 2. Селолық және ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

3

3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жұмабаева «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру пунктіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптама өткізу ұсынылсын.

5 5. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ашималиевке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіріп және ұстау өз құзыреті шегінде ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
“Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Ашималиев
28 желтоқсан 2009 ж.
“Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
О. Ивасик
28 желтоқсан 2009 ж.