2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесі қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің базасында ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Село, ауыл әкімдері және ұйым басшыларына: - 1993 жылы туған және бұдан бұрын тексеруден өтпеген азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Жаңаөзен қалалық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /Әлқуатов Т.О./, «Жаңаөзен қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына /Бекназаров С.С./ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын: - 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру; - 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету; - азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиаграммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету; - созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін; - дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2010 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізу.
Тармақ 5
5. Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөліміне /Ақшауов Б.Ы./ төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын: - азаматтардың тіркеу учаскелеріне келуін бақылауды қадағалау және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Жаңаөзен қалалық білім бөлімі /Боранбаева Қ.Қ./ орта және арнаулы білім беру мекемелерінің басшылары 1993 жылы туған жасөспірімдердің тіркеуге толық қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі /Жантлеуова Р.Қ./ азаматтарды тіркеуді жүргізуге байланысты шығындарды 2010 жылға арналған қалалық бюджетте қаралған қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы хабарламаны қала әкіміне жазбаша түсіру қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне /Қонкаев Д.Т./ ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.