Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья, обеспечение занятости в области развития тепличного хозяйства на 2010 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
Тармақша 2
2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2. 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру тәртібі
2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 2010 жылға кредит беру тәртібі
Тармақ 2
2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2010 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
Тармақ 3
3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысының 35 және 35-1-қосымшаларына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 9 819 097 000 (тоғыз миллиард сегіз жүз он тоғыз миллион тоқсан жеті мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) береді.
Тармақ 4
4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) қарыз алушыларға кредиттер «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға, жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі.
Тармақ 5
5. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі өзге де шарттар кредиттік шартта белгіленеді.