"Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Азаматтарды 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы» Сарысу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 101 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-95 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 маусымдағы № 50 «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 2 тармақта: мына: «Смағұлов Майлыбай Смағұлұлы - «Жамбыл облысы Сарысу ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Үсеев Болат Елеубайұлы - «Жамбыл облысы Сарысу ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары;»; «Нүркенов Берік Сұлтанұлы» деген сөздер «Жұмағұлов Бақыт Серікұлы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Дүйсенбинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ:» «Жамбыл облысының Ішкі істер Департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы Б. Нүркенов 25 қараша 2010 жыл