О завершении 2010-2011 учебного года и проведении экзаменов учащихся общеобразовательных учебных заведений Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу және 2010 - 2011 оқу жылын аяқтау туралы
2010 - 2011 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының көшіру мен бітіру емтихандарын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Оқу жылын аяқтау және бітіруші сыныптардың оқушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленсін:
Тармақша 1
1) барлық типтегі жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарындағы мектепалды, 1-11(12)- сыныптарда оқу сабақтары 2011 жылғы 25 мамырда аяқталады;
Тармақша 2
2) 9(10)-сынып оқушыларын негізгі орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 30 мамыр - 16 маусым күндерінде, 11-сынып оқушыларын жалпы орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 31 мамыр - 20 маусым күндерінде өткізіледі;
Тармақша 3
3) 9(10)-сынып бітірушілері негізгі орта білім курсы бойынша үш міндетті емтихан тапсырады:
ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 30 мамырда (гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын мектептердің және гимназиялардың оқушылары - шығарма, қалғандары – диктант жазады);
алгебрадан жазбаша емтихан - 2 маусымда;
орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан - 6 маусымда;
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 6 маусымда;
Негізгі орта білім беру ұйымы бітірушісінің таңдауына кез келген пәннен ауызша емтихан тапсыру ұсынылады, бірақ 2 пәннен артық болмауы қажет.
Тармақша 4
4) ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12)-сыныптарын бітірушілер мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанында тапсырады.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ді мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға қатыса алады.
Оқу бітірген жылы республиканың жоғары оқу орындарына оқуға түсуді және ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып бітірушілері төрт міндетті емтихандарды мына мерзімдерде тапсырады:
орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан – 31 мамырда;
қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан – 31 мамырда;
ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан (кешкі жалпы білім беретін мектептер үшін - диктант) – 4 маусымда;
алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 8 маусымда;
Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 11 маусымда.
Бітірушінің таңдауына кез келген, 2-ден артық емес пәндерден ауызша емтихан тапсыру ұсынылады.
Тармақ 2
2. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары жалпы орта білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5191-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының білім басқармалары өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған емтихандық материалдарды уақытында дайындасын.
Тармақ 4
4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С.Кәрімжанов):
Тармақша 1
1) республикалық білім ұйымдарының 9(10) және 11(12)-сыныптарын бітірушілері үшін және өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткер 11-сынып бітірушілері үшін ана тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын, қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математикадан емтихандық тапсырмалар пакеттерін дайындасын;
Тармақша 2
2) қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын ТМД елдерінің және Моңғолияның Білім министрліктеріне жеткізсін;
Тармақша 3
3) шығарма тақырыптарын жариялау үшін «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттерінің редакцияларына ұсынсын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.