"Меңдіқара ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 шешімін іске асыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Меңдіқара ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 260 шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 5-бабының 11) тармақшасына, "Меңдіқара ауданының 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-119) сәйкес және халықтың ең осал жіктерін әлеуметтік қорғау мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылсын:
Тармақша 1
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде; егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі (ұл, (қыз) асырап алушысы, қорғаншысы, қамқоршысы) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, немесе зейнеткер не мүгедек болса қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 2
2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде; қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе тағайындалады және қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға төленеді;
Тармақша 3
3) емдеудің ұстау кезеңінде туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде;
Тармақша 4
4) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек - балаларға ай сайын оқу кезеңіне айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде, өтініш берген айдан бастап тағайындалады; мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ай сайын тағайындалады. Әлеуметтік көмекті төлеу мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезінде жүргізілмейді;
Тармақша 5
5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта зерттеумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек есептік құжаттар негізінде тексеру құнынан жүз пайыз көлемінде тағайындалады және мүгедек баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждарына өтініш берген сәттен бастап ай сайын 4000 теңге көлемінде тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болған күнінен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуінен бастап тоқтатылады;
Тармақша 7
7) табысы аз азаматтарға біржолғы Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне 583 теңге көлемінде;
Тармақша 8
8) табысы аз азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығын (ауыл шаруашылығы малына 2 бастан артық емес санымен, құсты 30 данадан артық емес санымен және жем-шөпті) сатып алумен байланысты шығындарды ұтеу бойынша, оның нақты құны көлемінде, бірақ құсты сатып алуға - тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті есе көлемінен артық емес және ауыл шаруашылығы малы мен жем-шөбін сатып алуға- тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінен артық емес біржолғы, жылына бір рет және жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген кедейлік сызығынан аспаса отбасы мүшесінің біреуіне ғана көрсетіледі;
Тармақша 9
9) тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар болып табылатын табысы аз азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде, тоқсанда бір рет төленеді;
Тармақша 10
10) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатқан жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 20000 теңге көлемінде, біржолғы;
Тармақша 12
12) I, II - тобы бар мүгедектерге Мүгедектер күніне 1000 теңге көлемінде, біржолғы;
Тармақ 2
2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек", "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ___________________ Г. Айсенова "Меңдiқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ С. Плотникова
Басқа 19
Әкімдіктің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 84 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ
Тарау 1. 1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек
1. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек Кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының (ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша 4
4) ата-анасының, ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының, қамқоршысының тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі; осыдан басқа: ұл, (қыз) асырап алушылар баланы ұл, (қыз) асырап алу туралы шешімді тапсырады; қорғаншылар, (қамқоршылар) қорғаншы, (қамқоршы) куәлігін немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншы (қамқоршы) қылып тағайындау туралы шешімін тапсырады.
Тарау 2. 2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек
2. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болған жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздың тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі; осыдан басқа: егер жерлеу отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынас фактісін растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады; егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен емес жүзеге асырылса, өтініш беруші салт қызметінен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын село, селолық округі әкімі аппаратынан анықтаманы тапсырады.
Тарау 3. 3. Емдеудің ұстау фазасында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек
3. Емдеудің ұстау фазасында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмек Қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға біржолғы жыл сайынғы әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) қосымша тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсетуге аудандық туберкулезге қарсы аурухананың қолдаухаты. Қолдаухатта құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбалы мөрмен куәландыруы қажет;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Тарау 4. 4. Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексерумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек
4. Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексерумен байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек Мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексерумен байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмекті алуға құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) мүгедек-баланы компьютерлік томографта тексеруге облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) баланы мүгедек деп тану туралы медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) мүгедек-баланың ата-анасының, ұл, (қыз) асырап алушысының, қорғаншысының (қамқоршысының), өзге де заңды өкілінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін- тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін - Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхатының көшірмесі; оралмандар мен қашқындар үшін - оралман немесе қашқын деп тану туралы куәліктің көшірмесі; ұл, (қыз) асырап алушылар, қорғаншылар, (қамқоршылар) көрсетілген мәртебенін бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады, ұл, (қыз) асырап алушылар мүгедек-баланы ұл, (қыз) асырап алу туралы соттың шешімін тапсырады, қорғаншылар, (қамқоршылар)- қорғаншының, (қамқоршының) куәлігін немесе мүгедек-баланың қорғаншысы, (қамқоршысы) тағайындау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі;
Тармақша 5
5) тексеруге қолма-қол есеп туралы куәландыратын кассалық чек (кассалық чекте көрсетілген сома шартта көрсетілген сомаға ұқсас болу керек);
Тармақша 6
6) тексеру өткізілген ұйымның директоры мен бас бухгалтері қол қойған тексерумен байланысты шығыстарды өтеуді төлеу үшін шот (директордың қолы мөрмен куәландыруы керек, шотта компьютерлік томографта тексерілген баланың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі).
Тарау 5. 5. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік көмек
5. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік көмек Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілгеннің куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тұрғылықты жерін растайтын құжатттың көшірмесін немесе тұрғылықты жерден анықтаманы.
Тарау 6. 6. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек
6. Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмек Жеке қосалқы шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығы үшін жем-шөпті сатып алумен байланысты шығыстарды ұтеу бойынша әлеуметтік көмекті алу құқығын растайтын құжаттар болып табылады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алумен байланысты табысы аз азаматтардың шығыстарын өтеу бойынша қаражатты бөлу туралы селолық округі әкімінің қолдаухаты;
Тармақша 3
3) сауда-саттық шарты, оның ішінде жеке тұлғалармен нотариалды немесе селолық округтер әкімдерімен куәландырылған;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылығын сатып алуын растайтын құжат (шот, жөнелтпе құжат, қолхат);
Тармақша 5
5) жем-шөп сатып алатын тұлғаларға-малдың немесе құстың барын растайтын селолық округі әкімінің анықтамасы.
Тарау 7. 7. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатқан жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек
7. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне жататын және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқып жатқан жастарға әлеуметтік көмек олардың техникалық немесе кәсіптік білім, сондай-ақ ортадан кейінгі немесе жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек Әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 2
2) табысы аз азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табысын барын немесе жоғын растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) оқу орнынан анықтаманы;
Тармақша 4
4) жоғары немесе орта - арнаулы кәсіптік біліммен маманды даярлау туралы оқу орнымен шартты және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығын.