О Стратегическом плане развития Актюбинской области до 2010 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы «ҚР жергілікті мемлекеттіқ басқару туралы» ҚР Заңының 6 бабына сәйкес Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімияты үсынған Ақтөбе облысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін (№1 Қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалар, комитеттер, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) өз қызметтерінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) қабылданатын аймақтық бағдарламалардың және индикативтік жоспарлардың Стратегиялық жоспармен үйлесімділігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары Ақтөбе облысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының орындалу барысын жүйелі қарасын.
Басқа 6. (қысқартылған мазмұнда беріліп отыр)
Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 27 ақпандағы он үшінші сессиясының № 2 шешіміне № 1 Қосымша Ақтөбе облысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (қысқартылған мазмұнда беріліп отыр) Стратегиялық жоспар "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімдік стратегиясын жүзеге асыру шегінде және Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттігінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес 2001 жылы жасалған. Стратегиялық жоспарды жасауға барлық облыстық басқармалар, шаруашылық жүргізуші субъектілер, ғалым-экономистер және дәрігерлер қатысты. Стратегиялық жоспардың әр бөлімі облыс әкімі жанындағы аймақтық проблемалар жөніндегі Кеңесте, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары, ғалымдар, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің, әзірлеуте жауапты (облыстық басқармалардың) қатысуымен қаралып, қорғалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына сәйкес үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпан айлары ішінде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттігінің ескертпелері мен ұсыныстары негізінде нақтыланды. Стратегиялық жоспардың жалпы көлемі 125 бет құрайды. Жоспардың құрылымы 12 бөлімнен тұрады, оларга енгізілгендер: Облыстың кәзіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау; әлеуметтік даму, тұрғындардың санын ұлғайту; аймақта тұрғындарды орналастырудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік негізделген сызбасы; аймақта еңбек ресурстарын дамыту және оңтайлы пайдалану; жоспарлау үйлесімділігі, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қоргау; өнеркәсіптік - технологиялық саясат; аграрлық индустриалдық саясат; көліктік инфрақұрылым; кәсіпкерлікті дамыту; қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар; салық-бюджеттік саясат; инвестициялық саясат: келешегі бар жобалар (шағын бизнесті қоса); депрессиялық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық проблемалары; күтілетін нәтижелер. SWОТ-талдау негізінде мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді есепке алып, облыстың күшті және әлсіз жақтарын ескере отырып, облыстың стратегиялық дамуының 2010 жылға дейінгі негізгі Тапсырмалар мен Бас мақсат анықталған. Тапсырмалар: Минералды-шикізат ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалану, кәзіргі заманғы технологияларды енгізу және кәсіпкерлікті дамыту негізінде экономиканың нақтылы секторының өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау. Басты мақсат: Қолда бар шикізат әлеуетін тиімді пайдалану есебінен облыс халқының тіршілік деңгейін көтеру, жоғары технологиялық қайта өндеу өндірістерін құру және дамыту. Әлеуметтік даму бөлімінде "Тұрғындардың санын тұрақтандыру, әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес демографиялық жағдайды жақсарту және 2010 жылға облыс халқының санының өсуін қамтамасыз ету" мақсаты көзделген халықтың санын көбейту жөніндегі стратегиялық міндеттер мен іс-қимылдар белгіленген. Аймақта экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-негізделген орналастыру сызбасын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік жағдайларды жасау және жақсарту, депрессиялық елді мекендерден отбасыларын келешегі бар шағын қалалар мен селоларға байыппен қоныс аудару есебінен село тұрғындардың тұрмыс сапасының жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз ету көзделген. Осыған байланысты 2010 жылға дейін мынадай стратегиялық міндеттер анықталған: Ауылдық жердегі халықтың тіршілік деңгейін жақсарту жөнінде кешенді шараларды жүзеге асыру. Облыстың ішкі көші-қон қарқынын бәсендету. Еңбек ресурстарын дамыту және оңтайлы пайдалану үшін аймақта еңбекке жарамды тұрғындарды жұмыспен қамтудың деңгейін көтеру, жұмыссыздарды өзін-өзі еңбекпен қамтуға бағыттау, қоғамдық ақылы жұмыстарды дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады, оларды 2002-2005 жылдары; 2006-2010 жылдары кезең-кезеңмен жүзеге асыру көзделген. Білім беру саласын дамыту бойынша: білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту және кеңейту; білім беру мекемелерінің желілерін сақтау және дамыту; білім беру нәтижесінің сапасын жоғарылату; білім беру жүйесін информатизациялау; педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындау; жалпылай оқытуды қамтамасыз ету; бастапқы және орта кәсіби білім беруді дамыту кезең-кезеңмен көзделген. Осы жылдары денсаулық сақтау ісінің басты мақсаты тұрғындардың кеңейтілген топтары үшін сапалы медициналық көмекке нақтылы қол жеткізу деңгейін көтеру жолымен тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін облыстың тиімді іс-қимыл жасайтын денсаулық сақтау жүйесін құру, олардың денсаулықтарын қорғауға бағытталған алдын алу шараларын күшейту болып табылады. Осыған орай кезең-кезеңмен мынадай стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру белгіленген: Денсаулық сақтау шараларының нәтижелілігін жоғарылату. Медициналық көмекке қол жеткізудің теңдігін қамтамасыз ету. Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі стратегиялық міндеттер азаматтардың табыс деңгейін жоғарылатуға, аз қамтамасыз етілген отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету нығая түсетін болады. ӘЛЕУМТТІК САЛАДАҒЫ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Жұмыссыздықтың деңгейін 2001 жылғы 11,4 % - дан 2005 жылы - 8,5-9,0 пайызға дейін 2010 жылы — 6,5 — 7,5 пайызға дейін азайту. Жаңа нысандарды іске қосу есебінен жыл сайын жұмыс орнының 2400-2800-ге өсіп отыруын қамтамасыз ету. Жыл сайын 8000-10000 адамды еңбекке орналастыруға ықпал жасау, оның ішінде мақсатты топқа кіретін жұмыссыздар — 1000-1500 адам. Жыл сайын 8000-9000 адам үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Жыл сайын 700-900 жұмыссыздарды кәсіби оқытуға және қайта дайындауға жіберу. Жыл сайын өзінің жеке шаруашылығын ұйымдастыру үшін аз қамтылған 500-600 отбасыларына шағын несиелер беру. Жыл сайын 70-75 мың адамды қайырымдылық қызметімен қамту. Орташа еңбекақыны 2010 жылы 2001 жылғы деңгейден 30,0% және халықтың әр адамға шаққандағы нақтылы табысын ең кемі 1,4 есе көбейту. Білім беру Тұрғындар үшін барлық деңгейлерде және сатыларда сапалы білім алуға қол жеткізуді кеңейту. Білім берудің мемлекеттік кепілдік нормативтеріне сәйкес облыстың оқу орындарының желілерін сақтау және дамыту (жалпы білім беру желілерін 6-ға ұлғайту). Орта мектеп бағдарламасы бойынша арнаулы оқытуды қажет ететін балаларды қосқанда мектеп жасындағы балаларды оқуға 100 пайыз қамту. Облыстың білім беру жүйесін - 487 жалпы білім беру мектептері, 16 кәсіби лицейлер мен мектептер, 8 колледждерді толық информатизациялау. Кәзіргі заманғы қоғамның сыртқы және ішкі даму факторларын ескере отырып, ұлттық моделдегі мектептерді калыптастыру. Білім берудің барлық сатылары бойынша ғылыми-әдістемелік, теориялық сабақтастықты қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау
Тармақ 1
1. Облыстағы демографиялық жағдайды жақсарту: бала туу 2000 жылғы 14,3—тен 2010 жылы 15,0-ғе дейін жоғарылайды; өлім-жітім 2000 жылғы 10,0-ден 2010 жылы 8,4-ке дейін азаяды; , табиғи өсім 2000 жылғы 4,3-тен 2010 жылы 6,6-ға дейін көтеріледі; сәбилердің өлім-жітімі 2000 жылғы 24,1-ден 2010 жылы 20,0-ге дейін азаяды; аналардың өлім-жітімі 2000 жылғы 61,9-дан 2010 жылы 40,0-ге дейін азаяды.
Тармақ 2
2. Облыс халқының сырқаттануын азайту: туберкулезбен сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2000 жылғы 231,6-дан 2010 жылы 200,0-ге дейін азаяды; жыныстық жолымен берілетін аурулармен (соз, мерез) сырқаттану деңгейі 2000 жылғы 217,7-ден 2010 жылы 170,0-ке дейін (1,3 есе) азаяды; вирустық гепатитпен сырқаттану деңгейі 2000 жылғы 135,0-тен 2010 жылы 53,2-ге дейін азаяды; жұқпалы ішек ауруымен сырқаттану деңгейі 2000 жылғы 234,1-ден 21010 жылы 209,0-ға дейін азаяды. Өнеркәсіптік-технологиялық саясат бөлімінің негізгі мақсаты - өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу және шағын бизнес субъектілерінің қатысуымен экспортқа бейімделген өндірістерді құру. Осы саясатты жүзеге асыру өндірістерді техникалық және технологиялық жаңарту арқылы өнеркәсіптің барлық салаларын кешенді дамытуды, ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартқа көшуді және дайын өнімдерді өткізуді жаңа рыноктерге шығаруды көздейді. Облыстың өнеркәсіптік-технологиялық саясатындағы белгіленген мақсаттардың орындалуын екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Бірінші кезең - 2002-2005 жылдар. Өнеркәсіп кешенінің дамуы инновациялық бағдарламаларға негізделген, облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кызметінде нақтылы нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа техникалар мен озық технологияларды енгізуге бағытталатын болады. Сондай-ақ ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартты енгізу негізінде жергілікті тауар өндірушілердің шығаратын өнімдерінің сапасын және бәсекелестік қабілетін көтеру көзделуде, ол жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің тартымдылығына және аймақтың өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз етуіне ықпал жасайтын болады. Осы саясатты өнеркәсіптің барлық салаларын кешенді дамытуды өндірісті техникалық және технологиялық жаңарту, ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартқа көшу және дайын өнімдерді жаңа өткізу рыногіне шығу арқылы жүзеге асыру болжамдалуда. Екінші кезең - 2006-2010 жылдар. Облыс экономикасының өнеркәсіп секторын одан әрі дамыту болжамдалуда. Негізгі басымдықтардың бірі экспортқа бейімделген жаңа қайта өндеу өндірістерін құру жолымен аймақтың шикізат ресурстарын қайта өңдеуді неғұрлым тереңдете түсуге бейімделуге өзгерту болып табылады. Облыстың сыртқы сауда айналымының динамикалық өсуі күтілуде. Осы кезеңде тіке интеграцияланған өнеркәсіптік және қаржы-өнеркәсіптік топтар құрылымында экономикалық интеграциялау тереңдетіледі, пайда болады, олар өздерінің технологияларын жасаумен қатар, өндірістік шығынды азайту, өзіндік құнын төмендету және өндірілетін өнімнің сапасын одан әрі жоғарылату мақсатында шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бейімделеді. Өнеркәсіпте өндірістің өсу нүктесі ретінде мұнай-газ шығару салаларын, металлургиялық қосымша салалар және энергетикалық секторды одан әрі дамыту белгіленді. Тау-кен өнеркәсібінде бұл "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы, "Қазақтүрікмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қазақойл-Ақтөбе" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Дөң кен байыту комбинаты" ашық акционерлік қоғамы. Өндеу өнеркәсібінде - "Феррохром" ашық акционерлік қоғамы. Электр қуатын, газды және суды өндіру және таратуда өндіріс көлемінің өсуі көзделуде. Облыста өзінің меншіктік энергетикалық қуаттылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шегінде аймақты энергиямен жабдықтауды тұрақтандыруға және 2005 жылдың аяғына аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылатын болады. Алға қойған мақсаттарға байланысты өнеркәсіпте мынадай стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру көзделуде: 2002-2005 жылдары:
Тармақша 1
1) Мұнай өндіру, химия, қара және түсті металлургия салаларында ондіріс көлемін өсіру.
Тармақша 2
2) Озық технологиялар, сапаны және бәсекелестік қабілеттілікті жоғарылату, кәсіпорындарды жарақтандыру негізінде өнеркәсіп секторын технологиялық қайта құру.
Тармақша 3
3) Ішкі және салааралық, аймақаралық байланыстарды және кооперацияларды дамыту, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас субъектілерімен экономикалық интеграциялауды тереңдету.
Тармақша 4
4) Инвестициялардың қосымша қосылуына мүмкіндік туғызатын қолайлы инвестициялық климатты сақтау және одан әрі жағдайлар жасау.
Тармақша 5
5) Жеңіл, тамақ және машина жасау салаларында бәсекелестікке қабілетті өндірістерді құру. 2006-2010 жылдар:
Тармақша 1
1) Корпоративтік құрылымдарды қалыптастыру, ішкі және сыртқы рыноктердегі орынды кеңейту.
Тармақша 2
2) Ақпараттық техникаларды, технологияларды кең көлемде енгізу.
Тармақша 3
3) Ғылыми-техникалық ортаны коммерциялизациялау.
Тармақша 4
4) Сыртқы рыноктерде тауарлардың козғалыстарына ықпал жасау.
Тармақша 5. Өнеркәсіптегі күтілетін нәтижелер
5) Облыстың минералды-шикізат ресурстарын одан әрі игеру. Өнеркәсіптегі күтілетін нәтижелер Көр­сет­кіш­тер өл­шем бір­лі­гі 2001 ж. нақ­ты 2005 ж. бо­лжам 2010 ж. бо­лжам Өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі­нің кө­ле­мі млрд. тең­ге 110 160 200 - мұ­най мың. тон­на 3402 6797 8500 - газ млн. мЗ 505 1633 1762 - фер­ро­қо­рыт­па­лар мың тон­на 268 300 390 - хром ру­да­ла­ры мың тон­на 2046 2640 2720 - электр қу­а­ты млн. квт/сағ 1158 2680 2850 Агроиндустриалдық саясат бағасы және сапасы бойынша бәсекелестікке қабілетті өнімдердің көлемін көбейту негізінде ауыл шарушылығы өндірісінің тиімділігін көтеру жолымен негізгі азық-түлік өнімдерімен облыс тұрғындарын қамтамасыз етуді көздейді. Кәзіргі жағдайда мемлекеттің аграрлық азық-түлік саясатында аграрлық сектордың табиғи бейімделуі өтуде. Ауыл шарушылығы тауарын өндірушілер тек қана "өсу нүктесі" бар, яғни бәсекелестікке қабілетті және рентабельді өндірістерді дамытуға мәжбүрлі. Алынған табысты қайта қаржыландыру жолымен ғана ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау және дамыту, халықты жұмыспен қамту мүмкіндігі туындайды. Дәнді дақылдардың негізгі сілемін астық өндіру бойынша "өсу нүктесі" бар Әйтеке би, Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарының шаруашылықтарында (топырақтың 20-дан жоғары бонитеттік балы бар) орналастыру болжамдалуда, облыс бойынша дәнді дақылдардың жалпы егістік көлемі 750-800 мың гектарға дейін жеткізілетін болады. Табиғи және экономикалық жағдайларды, "өсу нүктесінің" бар болуын ескере отырып, мал шаруашылығының саласы төмендегідей болып орналастырылады. Сүттік мал шаруашылығы негізінен Мәртөк, Алға, Хромтау, Қобда, Қарғалы аудандарында және Ақтөбе қаласында шоғырландырылатын болады. Жылқы және түйе шаруашылықтары Шалқар және Байғанин аудандарында дамытылатын болады, осы аудандарда қымыз және шұбат өндіруді дамыту болжамдалуда. Кәзіргі уақытта ет өндіру бойынша "өсу нүктесі" мына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде бар: Қобда, Ырғыз аудандары - қой және мүйізді ірі қара еті бойынша; Ойыл, Шалқар - қой, мүйізді ірі қара, жылқы еті бойынша; Мүғалжар, Темір - қой, жылқы еті бойынша; Байғанин - қой, түйе еті бойынша; Әйтеке би - мүйізді ірі қара, шошқа еті бойынша; Ақтөбе қаласы - құс және шошқа еті бойынша. Ақтөбе қаласында ("Бүркіт" ЖШС) құс етін және жұмыртқа өндірудің қуатын қалпына келтіру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай стратегиялық міндеттері жүзеге асыру көзделуде: 2002-2005 жылдарға:
Тармақша 1
1) Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру шығындарын қысқарту.
Тармақша 2
2) Технологиялық тізбелерді: аграрлық өнімдерді өндіру, дайындау, қайта өндеу және өткізуді ұйымдастыру үшін қайта өндеу кәсіпорындарының төңірегінде салалық, аймақтык одактар мен ассоциациялар құру.
Тармақша 3
3) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржы көзіне қол жеткізуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жағдайлар жасау.
Тармақша 4
4) Село үшін менеджерлер, мамандар дайындау және қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру.
Тармақша 5
5) Тұтынушылардың сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында тамақ өнімдері, өнеркәсіп үшін шикізат рыногін зерттеу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірыңғай ақпараттық-маркетингтік жүйесін құруды ұйымдастыру.
Тармақша 6
6) Жабдықтау-өткізу, сервистік пункттерді дамыту. 2006-2010 жылдарға:
Тармақша 1
1) Облыстың аграрлық секторында құрылған бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың өзара қатынастарын жетілдіру.
Тармақша 2
2) Облыста тіке-интеграцияланған құрылымдарды құру, олардың республикалық және халықаралық бірлестіктерге енуіне ықпал ету. Несиелік және инвестициялық ресурстардың қажеттілігі 2002-2005 жылдарға 4730,0 млн. теңге құрайды. 2006-2010 жылдар кезеңіне несиелік және инвестициялық ресурстар саласына қаржы бөлу 2002-2005 жылдар кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 10720,0 млн. теңге құрайды. Көлік инфрақұрылымының дамуы тиімді және технологиялық жаңартылған көлік кешенін құруды көздейді. Осыған байланысты мынадай стратегиялық міндеттер белгіленді: Темір жол және автомобиль жолдарының желілерін дамыту және реабилитациялау. Телекомуникация жүйесін жаңарту. Елді мекендерді шаруашылық және ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Көліктік инфрақұрылымда ішкі қажеттілікті қанағаттандыру саясатын жүзеге асыру. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды экономиканың өндірістік және инновациялық саласына шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүргізу көзделуде. Осы жағдайда мынадай стратегиялық міндеттер шешілетін болады: Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыру көзіне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Импортты алмастыратын өндірістік бағыттағы өнімдерді ішкі және сыртқы рыноктер үшін тұтыну тауарларын өндіру жөніндегі шағын және орта кәсіпорындар желілерін құру. Облыстың іс үстіндегі ірі өндірістерімен шағын кәсіпкерлік субъектілерін кооперациялауды дамыту. Қоршаған ортаны қоғау және табиғи ресурстар; салықтық-бюджеттік саясат; инвестициялық саясат бөлімдері Қазақстан Республпкасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында белгіленген міндеттермен және іс-қимылдармен өзара байланыстырылған. Экономика саласындағы күтілетін нәтижелер: 2010 жылға жалпы аймақтық өнімінің көлемі 1,8 есе өсіп, 2001 жылғы 125,9 млрд. теңгенің орнына 230,3 млрд. теңге құрайды. Өнеркәсіп Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2010 жылға 200,0 млрд. теңге құрайды (өсім 2001 жылға қарағанда 1,8 есе). Осылайша мұнай шығару көлемі - 2,5 есе, газ - 3,5 есе, ферроқорытпалары - 45,5%, хром рудалары - 32,9%, электр қуаты - 3,0 есе көбейеді. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 42,2% үлғаяды (2001 жылғы бағамен және жағдайлармен). 2010 жылға өнімнің негізгі түрлерін өндіру көлемінің өсуі мынадай болады: астық - 19,3%, ет сойыс салмағында — 29,2%, сүт - 16,1%, жұмыртқа -19,3%. Мал басының өсуі мынадай болып болжамдалуда: мүйізді ірі қара - 6,6%, қой мен ешкі (1 млн. дейін) - 46,4%, шошқа- 23,4%, жылқы - 11,4%, құс - 24,0%. Шағын кәсіпкерліктің дамуы 2010 жылға шаруашылық жүргізуші субъектілер санының 13,7 пайызға өсуі, жұмыспен қамтылғандардың саны 32,1 пайызға көбеюі ұлғаюы күтіледі.