2010 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 16, 17, 18-баптарын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын "Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери жасына дейінгі азаматтарды медициналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай- ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберу;
Тармақша 2
2) әскери жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аудандық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскери жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) тіркеу кезеңінде шақыру учаскесінде жұмысқа тартылатын медициналық құрамға жұмыс орындарын, атқаратын қызметтің және орта айлық жалақыларының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына дейін жеткізсін, бастапқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери оқу орындары жөнінде анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берсін. Тіркеу кезінде әскери оқу орнына түсуіне әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгі азаматпен жеке әңгімелесу жүргізсін.
Тармақ 4
4. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу комиссиясынан өтуге келмеген бозбалаларды уақытылы іздеу және жеткізу жөнінде көмек көрсету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында көзделген қаржы есебінен жүргізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Меңдіқара ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ В. Антипов
06.11.2009
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы
әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының
"Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
бас дәрігерінің міндетін атқарушы
_______________________ Ә. Жұмабаева
06.11.2009
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
ішкі істер департаменті Меңдіқара
аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ А. Төлебаев
06.11.2009