Об определении целевых групп населения в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағылар халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
Тармақша 12
12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
Тармақша 13
13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
Тармақша 14
14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 15
15) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 16
16) курстық дайындық, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімінің түлектері;
Тармақша 17
17) егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің 2009 жылғы 21 қазандағы № 1254 "2010 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.