2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-шы бабы 1-ші тармағын сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты бекітілсін (қосымша тіркеледі).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бұл шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. 2010 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты
Аудандық мәслихаттың 2009 жылдағы 25 желтоқсандағы № 5/16 шешіміне қосымша 2010 жылы жекелеген әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына (әрі қарай ҰОС) қатысқандар және мүгедектер;
Тармақша 2
2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер және бұрынғы Одақ ордені және медальдарымен марапатталмағандар;
Тармақша 3
3) ҰОС қатысып қайтыс болғандардың жұбайлары;
Тармақша 4
4) ҰОС кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің қайтадан неке құрмаған жұбайлары;
Тармақша 5
5) Ауған соғысына қатысқандар;
Тармақша 6
6) Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандар;
Тармақша 7
7) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь, гетто және де басқа тұтқындары;
Тармақша 8
8) "Қайсарлы еңбегі үшін" медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері;
Тармақша 9
9) бейбітшілік кезінде қаза болған жауынгерлердің отбасыларына;
Тармақша 10
10) қайтыс болу кезенінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарды жерлеу рәсімін атқаратын тұлғалар;
Тармақша 11
11) білім және денсаулық сақтау саласындағы жас мамандар;
Тармақша 12
12) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер;
Тармақша 13
13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 14
14) орташа табысы күн көріс минимумынан төмен тіршілік ететін, төтенше жағдайға ұшырап қалған тұлғалар (өрт, үй тонау, бір айдан аса созылған аурулар және тағы басқалары);
Тармақша 15
15) отбасылық кірісі бекітілген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар;
Тармақша 16
16) "Облыс алдындағы ерен еңбегі" белгісімен марапатталған тұлғалар;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемелерде квота бойынша тексерілген және емделуді өтіп жатқан азаматтар;
Тармақша 18
18) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және жетім балалар қатарынан мемлекеттік оқу грантына ие бола алмаған студенттер;
Тармақша 19
19) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
Тармақша 20
20) туберкулезбен ауыратындар;
Тармақша 21
21) онкологиялық аурумен ауыратындар;
Тармақша 22
22) "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар, кәсіптік оқуда жүрген уақытта;
Тармақша 23
23) жоғарғы медициналық оқу орындарында ақырғы курстарында оқып жүрген студенттер;
Тармақша 24
24) тірек қозғалу аппараты бұзылған және сол диагнозы қойылған балалар;
Тармақша 25
25) мөлшері төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;
Тармақша 26
26) үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде тіркеуде тұрған жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар;
Тармақша 27
27) атаулы әлеуметтік көмек алушылар және балаларға берілетін жәрдемақы алушылар;
Тармақша 28
28) 1,2 - топтағы мүгедектер;
Тармақша 29
29) жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдер;
Тармақша 30
30) ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар;
Тармақша 31
31) зейнетақы жасындағы еңбекке қабілетсіз жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 32
32) зейнетақы жасындағы жұмыссыз азаматтар;
Тармақша 33
33) коляскамен жүретін мүгедектер;
Тармақша 34
34) көзі көрмейтін мүгедектер;
Тармақша 35
35) гемодиализ өткізуді қажет ететін тұлғалар;
Тармақша 36
36) 1 жасқа дейінгі нәрестерелер;
Тармақша 37
37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
Тармақша 38
38) Псков облысында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандар жанұясының өкілі (А.Баймульдин);
Тармақша 39
39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдарымен марапатталған көпбалалы аналар;
Тармақша 40
40) жетім балалар.