О проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишев осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастыру және оны жүргізу мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды өткізу қорытындысы туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2010 жылдың 9 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.