Об утверждении размеров базовых ставок фиксированного налога на единицу налогообложения, стоимостей разового талона на рынках по Каркаралинскому району на 2010 год Қолданыста
Басқа 0
Қарқаралы ауданы бойынша 2010 жылға салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағаларын бекіту туралы
2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданы бойынша 2010 жылға салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері, аудан базарларында бір жолғы талонның бағасы 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қарқаралы ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы
Қ. Өтебаев
Басқа 3
Қарқаралы ауданының мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/195 шешіміне
1 қосымша
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
Салық салу объектісінің атауы
2010 жылға салынатын тіркелген салықтың базалық ставкасының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы
10
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтысы жоқ ойын автоматы
15
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
4
4.
Ойын жолы
75
5.
Карт
10
6.
Бильярд үстелі
23
Басқа 4
Қарқаралы ауданының мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/195 шешіміне
2 қосымша
Аудан базарларында бір жолғы талонның бағалары
Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік әрекеттің түрлері
Бір жолғы талонның 1 күнгі бағасы
теңгемен 2010 жылға
1. Сату (стационарлық үй–жайда іске асырылатын кәсіпті қоспағанда).
Тармақша 1
1) Газет пен журналдар
84
Тармақша 2
2) Тұқым және егу материалдары
1243
Тармақша 3
3) Бақша дақылдары
50
Тармақша 4
4) Саяжай мен үй жанында өсірілген тірі гүлдер
1243
Тармақша 5
5) Үй жанында және саяжай учаскелерінде алынған ауыл шаруашылығы өнімдері
155
2. Жер учаскілерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері.
Тармақша 1
1) Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері
367
3. Қарқаралы ауданы базарларындағы бір жолғы талондар бағасы.
1 шаршы метр мөлшері теңгемен
Тармақша 1
1) Азық-түлік
30
Тармақша 2
2) Өндіріс тауарлары
40