Құжат мәтініне өту

2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 05.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-50069/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·05.01.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · қабылданған 05.01.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
05.01.2010
Көрсетілген редакция
15.04.2010 · қолданыстағы 50069_201365.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZK000112
ЭКБ идентификаторы
50069
Редакция идентификаторы
50069_201365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:22

0 2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 2010 жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.

2

2. "Тасқала ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Ауылдық округ әкімдеріне тіркеуге шақырылған азаматтарды шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімдері бойынша хабардар ету және уақытында аудандық шақыру учаскесіне жеткізу тапсырылсын.

4 4. Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен Тасқала ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер бөлінсін.

5 5. Аудан әкімінің "2010 жылы Тасқала ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 14 шешімі бұзылды деп танылсын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 5 қаңтардан бастап туындайтын құқық қатынастарға таратылады.

7 7. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мусинге жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
бастығы _____________ А. Жұбанышқалиев
31.12.2009 ж.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Тасқала
аудандық орталық ауруханасы"
директоры _____________ Т. Қалыбеков
31.12.2009 ж.