2010 жылғы бір жолғы талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 342 қаулысын басшылыққа алып, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
2010 жылғы бір жолғы талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы от 23.12.2009 г. № XVI-3 (2010 жылғы бір жолғы талондардың құны мөлшерін белгілеу туралы)
1. Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй- жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстарын орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бір жолғы талон негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің жүргізілуін ұйымдастыру аудандық салық басқармасына (З. Нұрмашева - келісім бойынша) және округ әкімдеріне тапсырылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
21 желтоқсандағы № 342
қаулысына қосымша № 1
Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстарын орындау, қызметтер
көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар,
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың
құнының тізбесі
Рет саны
Кәсiпкерлiк қызметтiң түрлерi
Миялы
селосында
Басқа ауылдық, селолық округтерiнде
1
Азық-түлiк, ет өнімін, көкөніс-жеміс сату
170
150
2
Киiм, аяқ киiмдер, парфюмерия, косметика сату
250
200
3
Шаруашылық (ыдыс-аяқ), кеңсе бұйымдары, ойыншықтар сату
200
150
4
Қосалқы бөлшектер және шаруашылық бұйымдарын сату
300
250