2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негiзiнде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ:» «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Құлшынбаев 30 желтоқсан 2009 жыл «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Абдуллаев 30 желтоқсан 2009 жыл
Басқа 6. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі
Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 284 Қаулысына № 1-қосымша 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Сарысу ауданы Байқадам ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Сарысу ауданы Жайылма ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Сарысу ауданы Жаңаталап ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Сарысу ауданы Игілік ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Сарысу ауданы Досбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Сарысу ауданы Түркістан ауылдық аймақ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Жамбыл облысы Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Сарысу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Сарысу ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарысу ауданы әкімдігінің «Көгалдандыру және көріктендіру кәсіпорны» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сарысу сулары» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 21
21. Сарысу ауданы Әкімінің «Жаңатас-Су-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.
Басқа 28. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс
Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 284 Қаулысына № 2-қосымша 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № Жұмыс түрлері Нақты жұмыс жағдайлары Көлемі Қаржы көздері Сұраныс Ұсыныс 1 Ауылдық аймақтардың аумақтарына тазалық жұмыстары 1. Арық тазалау 2. Күл-қоқыс шығару Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 145 145 2 Саябақтарды көгалдандыру және көріктендіру 1. Гүл егу және оны күту 2. Тал отырғызу және оны күтіп баптау Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 105 105 3 Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек 1. Құжаттарды компьютерде теріп, шығару Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 25 25 4 Жаңатас қаласында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу 1.Қаладағы бекітілген аймақтардың тазалау Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 303 303 5 Әскерге шақыру кезіндегі ұйымдасқан шараларды орындау үшін көмек көрсету 1. Әскерге шақыру қағаздарын тарату Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 2 2 6 Тұрғын үйді күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына қатысу 1. Аудандағы тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу Қажеттілігіне сәйкес Жергiлiктi бюджет 93 93 Барлығы 673 673