2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20 баптарының негізінде, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жұмыс жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Т. Рысқұлов аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шардарбек Әмреқұлұлы Қосалов), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезінде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Берік Саттарұлы Әліпбаев), қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Жолдас Бақытжан Жолдасұлы 10 қаңтар 2010 жыл «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция подполковнигі Исабеков Бақберген Айтжанұлы 10 қаңтар 2010 жыл
Басқа 8. 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы аймақтардағы ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтар № 1 қаулысына № 1-қосымша 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы аймақтардағы ұйымдардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Т. Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Т. Рысқұлов ауданы Новосел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. «Т. Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. «Т. Рысқұлов ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. «Т. Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. «Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. «Т. Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. «Т. Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. «Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. «Т. Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. «Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. Т. Рысқұлов ауданы әкімінің «Құлан–Тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
Тармақ 17
17. «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 19
19. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 21
21. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Жасыл-Құлан» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Тармақ 22
22. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
Тармақ 23
23. Т. Рысқұлов аудан әкімінің «Құлан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Басқа 32. 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысына № 2-қосымша 2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру № Жұмыс түрлері Нақты жұмыс түрлері Көлемі Қаржы көздері Сұраныс Ұсыныс 1 Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру, көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) 1. Арық тазалау 2. Күл-қоқыс шығару 3. Жол құрылысы және жөндеу жұмыстарына жәрдемдесу 4. Гүл егу жұмыстары және гүлзарларды күту 5. Тал егу 6. Күзету, суғару, күту және ретке келтіру 7. Тал түбін әктеу 8. Бағана сырлау, әктеу 9. Насихат тақталарын жаңалау, сырлау 80 шақырым 2500 тонна 25 шақырым 2500 м2 60000 түп 750 гектар 40000 түп 3200 дана 350 м2 Жергілікті бюджет 190 190 2 Жасыл ел бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету Күзету, суғару, күту және ретке келтіру 180 гектар Жергілікті бюджет 30 30 3 Республиқалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу және қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу 1. Сауалнама жүргізу 2. Сайлау, санақ жұмыстарына жәрдемдесу 3. Басқа жұмыстар 4. Қоғамдық және құқықтық тәртіп сақтауға көмектесу Қажеттілігіне сәйкес Жергілікті бюджет 10 10 4 Бюджеттік мекемелердегі қысқа мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлермен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу 1. Ағымды жөндеу 2. Отын дайындау 3. Аулаларды ретке келтіру Қажеттілігіне сәйкес Жергілікті бюджет 16 16 5 Барлығы 246 246