2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Мұздыбаев) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыздарды келісіміне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Пернебековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн тізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Төлеби ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен бекітілген
қосымшасы
Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Саны,
адам
1
2
3
4
1
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
59
2
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары. Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жолдар құрылысы және оларды жөндеуге көмек беру
48
3
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары. Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көркейту жұмыстарына қатысу
50
4
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары. Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесу
46
5
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары. Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету
26
6
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары. Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аймақты экологиялық, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына көмектесу
36
7
Ленгір қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттары
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
26
8
Ленгір қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі
Берілген өтініштеріне сай қорғаныс істері жөніндегі бөлім жұмысына көмек беру
16
9
Аудандық ішкі істер бөлімі
«Тәртіп», «Сақшы» пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесу
36
10
Төлеби аудандық мәдени қызмет көрсету және ойын-сауық орталығы «Өркен» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, көркейту жұмыстарына қатысу,
35
11
Төлеби ауданы әкімдігінің «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Ауыз су құбырларын жөндеуге көмектесу
17
12
Төлеби ауданы әкімдігінің «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Ағын су каналдары мен арықтарды тазалауға көмектесу.
25
БАРЛЫҒЫ:
420