Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2010 года областному бюджету Южно-Казахстанской области на экспертизу качества казахстанского хлопка-волокна Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 59 қаулысымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінетін 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ағымдағы нысаналы трансферттерін аударады.
Тармақ 3
3. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) мақта иелеріне мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындардың құнын толық өтеуге арналады.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайда мақта талшығына қайта сараптама жасау мақта талшығы иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған шығындарды толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетуші (бұдан әрі - қызметтер көрсетуші) болып табылады.P07001173
Тармақ 6
6. Мақта иелері мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар (бұдан әрі - қызметтерді сатып алушы) болып табылады.
Тармақ 7
7. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтер көрсетуші жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мақта өңдеу ұйымдары қызметтер көрсетушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді сатып алушылардың тізілімін ұсынады.
Тармақ 9
9. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсету фактісі бойынша қызметтер көрсетуші мақта өңдеу ұйымдары ұсынған қызметтерді сатып алушылар тізілімдерінің негізінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды.
Тармақ 10
10. Қызметтер көрсетуші бюджеттік субсидиялар алу үшін ай сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне Ауыл шаруашылығы басқармасына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі;
Тармақша 2
2) мақта талшығының сапасы паспорттарының көшірмелері.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы басқармасы он жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алу үшін қызметтер көрсетуші ұсынған құжаттарды тексереді. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметтер көрсетуші ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсынады.
Тармақ 13
13. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген субсидиялардың көлемі мен сараптама жүзеге асырылған мақта талшығы сынамасының саны туралы есеп береді.
Тармақ 14
14. Облыс әкімі Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 15
15. Министрлік жасалған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне аудармағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 16
16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Басқа 1
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша ______________________________________________________ (лицензия алған мақта өңдеу ұйымының атауы) __________________________________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметтерді сатып алушылардың тізілімі Р/с № Қыз­мет­тер­ді са­тып алушы­ның ата­уы Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) са­ны, да­на Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) нө­мір­ле­рі 1 2 3 4 Жиы­ны: Басшы __________________________ (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтер __________________________ (Т.А.Ә., қолы) м.о. Күні ________
Басқа 2. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымша Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі Р/с № Мақ­та өң­деу ұй­ы­мы­ның ата­уы, заң­ды ме­кен-жайы Қыз­мет­тер­ді са­тып алушы­ның ата­уы Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) са­ны, да­на Бу­ма­лар (сы­на­ма­лар) нө­мір­ле­рі Қыз­мет­тер­ді бір бір­лі­гі­нің ба­ға­сы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 Жиы­ны: Қызметтер көрсетуші ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) Күні _________
Басқа 3. 20______ ж.____________________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған № _________________ ведомость
2010 жылғы республикалық бюджеттен Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға пайдалану ережесіне 3-қосымша «Бекітемін» Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20_____ ж. «___» _________ 20______ ж.____________________ кезеңдегі мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсетушіге субсидиялар төлеуге арналған № _________________ ведомость Р/с № Қыз­мет­тер көр­се­ту­ші­нің ата­уы Нақ­ты көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер, бу­ма­лар (сы­на­ма­лар), да­на Жыл ба­сы­нан ба­стап ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­ге­ні, тең­ге Ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­ды  тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап, да­на _______ ке­зең­де да­на Жиы­ны: Төленетін сома ______________________________________ (жазумен) Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________ (Т.А.Ә., қолы)