Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2010 год областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на здравоохранение Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13 және 23-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
Тармақша 2
2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2010 жы­л­ғы 3 ақ­пан­да­ғы № 64 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (будан әрі - Ереже) "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 13 және 23-баптарына сәйкес әзірленді. Ереже облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды: 010 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер"; 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу туралы және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарына арналған медициналық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ автокөліктің тізбесін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен келіседі.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға, психоэмоциялық және дене жүктемелері үшін қосымша ақы алатын лауазымдар мен мамандықтардың (хирургиялық бөлімшелердің операцияларға қатыспайтын мейірбикелері, онкогематологтар) тізбесін кеңейтуге, ауыр (аса ауыр) дене жұмысында және зиянды (аса зиянды) және қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларға, туберкулезге қарсы қызмет, сәулелі диагностика мамандарына қосымша ақыларды ұлғайтуға, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыруды орташа өңірлік деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен объектіні пайдалануға беру актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін күтіп-ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады. Мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2010 жылғы 1 қарашадан кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты объектілер арасында қайта болу туралы ұсыныстар енгізе алады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар сырқаттар үшін тромболитикалық препараттарды, В мен С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, қызметтік міндеттерін орындау аурудың басқа адамдарға берілу қаупімен байланысты медицина қызметкерлерін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттар сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, гематологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек сырқаттарға арналған қан ұйыту факторларын, жіті миокард инфаркты бар сырқаттар үшін тромболитикалық препараттарды, В мен С вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, қызметтік міндеттерін орындау аурудың басқа адамдарға берілу қаупімен байланысты медицина қызметкерлерін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттар мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 9
9. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және автокөлікпен жарақтандыруды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөліктен басқа, медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.
Тармақ 12
12. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдары арасында медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.
Басқа 1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде берілетін медициналық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және автокөліктің тізбесі
Ере­же­ге 1-қо­сым­ша Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы ағымдағы нысаналы трансферттердің шеңберінде берілетін медициналық жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және автокөліктің тізбесі Р/с № Ата­уы 1 2 1 Рент­ген­дік флю­о­ро­гра­фи­я­лық ста­ци­о­нар­лық және жы­л­жы­ма­лы цифр­лық ке­шен 2 Рент­ген­дік цифр­лық ста­ци­о­нар­лық және жы­л­жы­ма­лы мам­мо­граф 3 Жы­л­жы­ма­лы сто­ма­то­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы 4 Уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка ап­па­ра­ты 5 Био­хи­ми­я­лық тал­да­ғыш 6 Рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат 7 Био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік шка­фы 8 Ге­ма­то­ло­ги­я­лық тал­да­ғыш 9 Им­мун­дық-фер­мент­тік тал­да­ғыш 10 Ре­ани­мо­биль 11 Өк­пе­ні жа­сан­ды жел­де­ту ап­па­ра­ты 12 Ин­га­ля­ци­я­лық нар­коз­ға ар­нал­ған ап­па­рат 13 Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лық және кө­лік­тік ин­ку­ба­тор (кю­вез) 14 Жы­лыт­қы­шы бар ре­ани­ма­ция үсте­лі 15 Пор­та­тив­ті нео­на­таль­ды мо­ни­тор 16 Эн­до­ско­пи­я­лық хи­рур­ги­я­ға ар­нал­ған жиын­тық 17 Ком­пью­тер­лік пен маг­нит­тік-ре­зо­нан­стық то­мо­граф­тар 18 Ге­мо­ди­а­лиз ап­па­ра­ты 19 Қыш­қыл­ды-негіз­гі жай-күй­ді тал­да­ғыш 20 Тар­мақ­ты ци­то­метр 21 Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ға ар­нал­ған сәу­ле­лік те­ра­пия ап­па­рат­та­ры 22 Ли­то­т­рип­тер 23 Қан ор­та­лық­та­ры­на ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар, ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар және ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ав­то­кө­лік
Басқа 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
Ере­же­ге 2-қо­сым­ша Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2010 жылы берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары мың теңгемен Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы Аудан­дық және қа­ла­лық ем­ха­на­лар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем қыз­ме­тін жа­рақ­тан­ды­ру Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ме­ке­ме­лер­ді жа­рақ­тан­ды­ру Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты то­мо­гра­ф­пен және ком­пью­тер­лік то­мо­граф­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру Кар­дио­хи­рур­ги­я­лық ор­та­лық­тар­ды (бө­лім­ше­лер­ді) жа­рақ­тан­ды­ру Са­ни­та­ри­я­лық авиа­ция қыз­ме­тін жа­рақ­тан­ды­ру Қан ор­та­лық­та­рын жа­рақ­тан­ды­ру Ұт­қыр ме­ди­ци­на­лық ке­шен­дер­мен жа­рақ­тан­ды­ру Бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 117 100 75 580 - 122 711 - 70 658 633 550 - 24 840 68 270 86 000 1 198 709 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 116 214 - 7710 183 585 97 006 - - - 24 840 150 120 86 000 665 475 3. Ал­ма­ты об­лы­сы 117 100 75 580 - 202 742 116 720 106 087 - - 24 840 144 103 86 000 873 172 4. Аты­рау об­лы­сы 117 100 - - 196 550 89 610 - - - 24 840 97 380 86 000 611 480 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 117 100 - - 302 718 96 616 - - - 24 840 40 335 86 000 667 609 6. Жам­был об­лы­сы 117 100 75 580 81 350 135 779 44 600 - 128 750 - 24 840 39 190 86 000 733 189 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 117 100 - - 98 872 79 410 438 015 - - 24 840 137 725 86 000 981 962 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 319 245 64 783 - 313 462 172 853 246 170 378 000 534 183 24 840 43 320 86 000 2 182 856 9. Қо­ста­най об­лы­сы 117 100 - 178 400 159 299 93 404 19 570 - - 24 840 50 637 86 000 729 250 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы - - - 23 189 - - 844 250 - 24 840 87 260 86 000 1 065 539 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 92 200 - - 348 256 28 740 - 504 898 - 24 840 38 275 86 000 1 123 209 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 117 100 - 89 200 146 069 45 000 - 128 750 - 24 840 97 379 86 000 734 338 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 116 940 - 143 233 131 232 126 518 122 220 - - 24 840 32 930 86 000 783 913 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 117 100 75 580 521 810 272 607 106 654 15 100 - - 24 840 36 328 86 000 1 256 019 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы 44 600 - 159 480 150 500 172 424 - - - - 82 570 - 609 574 16. Аста­на қа­ла­сы 32 700 240 400 3 590 203 604 69 920 - - - - 106 595 - 656 809 Жиы­ны: 1 775 799 607 503 1 184 773 2 991 175 1 339 475 1 017 820 2 618 198 534 183 347 760 1 252 417 1 204 000 14 873 103