О повышении ставки земельного налога на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 383 бабына және 387 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкасы базалық ставкалардан 50 процент мөлшерінде жоғарлатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.