Об установлении ставки фиксированного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 419, 422 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкаларын қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2010 жылғы 26 қаңтардағы Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының N 222 шешіміне 1 қосымша 2010 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған жиынтық салық ставкалары N р/с Салық салу объектісінің атауы 1 айдың тіркелген жиынтық салық ставкасы АЕК* 1 айда 1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 1 2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы 1 3. Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер 1 4. Ойын жолы 5 5. Карт 2 6. Бильярд үстелі 3 *АЕК–айлық есептеу көрсеткіші