О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2010 жылға арналған қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
Тармақша 3
3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 4
4) отбасында бірде бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
Тармақша 5
5) жалғыз тұрып жатқан тұлғалар;
Тармақша 6
6) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
Тармақша 7
7) 2009 және 2010 жылдары бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған тұлғалар.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең аз еңбекақы көлемінен кем болмайтын мөлшерде жұмыс берушіге жұмсалған қаражат шығыны бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру оқу орындарын аяқтаған түлектері үшін - "жастар тәжірибесінен" өту үшін орналасқан кезде жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушімен келісілген шарттарға сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С. С. Төлеубаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындыған құқықтық қатынастарда таратылады.