Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на проезд в городском общественном транспорте (кроме такси) на 2010 год Қолданыста
Басқа 0
2010 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 221/19 шешімінің негізінде және қала азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлiгiнде билет құнының 50% көлемiнде келесi санаттағы азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқығы белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) 3 топтағы мүгедектер;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1- тармағында көрсетiлген азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқығын бекiту үшiн кондукторға (бақылаушыға) мiндеттi түрде келесi құжаттар ұсынылуы қажет:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн - зейнеткерлiк куәлiгi;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектігі туралы куәлiгi;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалы аналар үшiн - көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келiсiм бойынша) анықтама.
Тармақ 3
3. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" (С. Ә. Арыстанов), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемелерi (Л. П. Векшина), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң "Екiбастұз диспетчерлiк қызмет орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнымен (Т. В. Шерстюк), әрі қоғамдық жолаушылар көлiгi мен жолаушылар тасымалдауды iске асыратын кәсiпорындармен (бұдан әрi - Кәсiпорындар) (келiсiм бойынша) бірлесіп, айына бiр рет қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң маршруттарында азаматтардың жекеленген санаттарының жолаушылар ағынына мониторинг жүргізсін.
Тармақ 4
4. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (Л. П. Векшина) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне пайыздық қатынаста Екібастұз қаласының қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр Кәсіпорынның қатысуы туралы мәлімет берсін.
Тармақ 5
5. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызметті өтеу туралы Кәсіпорындармен келісімшарт жасасын;
Тармақша 2
2) Кәсіпорындарға азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын осы қаулының 4-тармағына сәйкес әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы мәліметі бойынша өтеуге есеп айыруды жүргізсін;
Тармақша 3
3) Кәсіпорындарға шығынды өтеу осы қаулының 5-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген есеп айыру негізінде жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасарлары С. С. Төлеубаевқа және Н. В. Дычкоға жүктелсiн.