2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5 тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 2010 жылға қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
Шардара ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 57 қаулысымен бекітілген
2010 жылға қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам
1
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдері, ауылдық округтер әкімдері аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
100
2
Қала әкімінің аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру жұмыстарына жәрдемдесу
314
3
Аудан әкімінің аппараты, аудандық білім бөлімі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық білім беру ұйымдары
Әлеуметтік мәдени маңызы бар нысандарды, үйлерді салуға
және жөндеуге қатысу
10
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шардара аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық қорғаныс істері бөлімі, Шардара аудандық соты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
28
5
Аудан әкімінің аппараты
Іс жүргізу жұмыстарына көмектесу
6
6
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жұмыстарына жәрдемдесу
6
7
Шардара аудандық әділет басқармасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін тіркеу жұмыстары бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу
6
Барлығы:
470