2010 жылы нысаналы топтардағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы нысаналы топтардағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздерін көздейтін шарттарды жасассын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.