Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2010 года областными бюджетами на поддержку племенного животноводства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 63 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрі - республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының, етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай- ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы малының өнімділігін арттыру мақсатында 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған өз төлінен өсірілген асыл тұқымды төлдің, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлінің құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 2
2) тауар өндірушілер дистрибютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 3
3) тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі - балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
Тармақша 4
4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың, сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасының құнын толық өтеуге;
Тармақша 5
5) республикалық малды асылдандырушы орталықтың шетелдік селекцияның асыл тұқымды бұқаларын, ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды ұстау, ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрі - бағалау) үшін олардың ұрығын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарын толық өтеуге;
Тармақша 6
6) ет бағытындағы құс шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығында асыл тұқымды құсты сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 7
7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Тауарлы құс фабрикалары, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналатын тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бұйрығымен белгіленген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 4
4. Бюджеттік субсидиялар: тауар өндірушілерге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алынған асыл тұқымды төл, сондай-ақ шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импортталған, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлі үшін; тауар өндірушілерге дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алынған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығы үшін; тауарлы құс фабрикаларына ет және жұмыртқа бағытындағы ата-тектік, ата-енелік нысаны бар отандық малды асылдандырушы шаруашылықтардан сатып алынған балапандар және асыл тұқымды жұмыртқалар үшін; республикалық малды асылдандырушы орталыққа сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтар (бұдан әрі - жабдық), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы (бұдан әрі - техника), асыл тұқымды шетелдік селекцияның бұқасы, ұрығы үшін, сондай-ақ асыл тұқымды тұқымдық бұқаны ұстау, бағалау үшін оның ұрығын алу, сақтау, пайдалану үшін; етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа сатып алынған асыл тұқымды құс және оны ұстау үшін; қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытына асыл тұқымды жылқыларды өсіргені, ұстағаны және жаттықтырғаны, тұқымдық айғырлардың ұрығын алғаны және сақтағаны үшін төленеді.
Тармақ 5
5. Субсидиялауға мыналар жатпайды: Министрлік белгілеген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер сатып алған ірі қара малдың асыл тұқымды төлі, тұқымдық бұқалардың ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнімі; айырбас бойынша, өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан (ата-тектік және ата-енелік желідегі балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқалар.
Тармақ 6
6. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген бюджеттік субсидиялар облыстарға жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінің шегінде төленеді.
Тармақ 7
7. Сатып алынатын асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқа ұрығы, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбір түріне бюджеттік субсидиялар нормативі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндірушілерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сату бағасын Министрлік бекітеді.
Тармақ 9
9. Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі, сатып алу-сату шартының, өтінімдердің, тұқымдық бұқалардың ұрығын пайдалану актісінің, аудан, облыс бойынша жиынтық актілердің ұсынылатын нысандары, сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты республикалық малды асылдандырушы орталықтың, етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының қаражатын бөлудің жылдық сметасын, бюджеттік бағдарламаның тиімділігі бойынша есептілік нысандарын Министрлік бекітеді.
Тармақ 10
10. Министрлік, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы қол қойылған келісім шеңберінде аударады.
Тарау 2. 2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және субсидиялауға квоталар бөлу тәртібі
2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және субсидиялауға квоталар бөлу тәртібі
Тармақ 11
11. 2010 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде тауар өндірушілер (тауарлы құс шаруашылығын қоспағанда) аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - Бөлім) асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдер береді. 2010 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде тауар өндірушілер Бөлімге шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық, оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлін сатып алудың жоспарланған көлеміне өтінімдер береді.
Тармақ 12
12. «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне (бұдан әрі - құс өсірушілер одағы) тауарлы құс шаруашылықтары ата-тектік, ата-енелік нысаны бар етті және жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтардың балапандары мен асыл тұқымды жұмыртқаларын сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдер береді. Құс өсірушілер одағы ұсынылған ақпаратты қарап, құс фабрикаларының тізімін дайындайды және олардың балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаларды (бұдан әрі - материалдар) сатып алудың жоспарлы көлеміне өтінімдерімен бірге оны 2010 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей тиісті Бөлімдерге ұсынады.
Тармақ 13
13. Бөлім материалдарды алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және белгіленген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыты бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны әкімнің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына аудан әкімінің қолымен жібереді. Комиссия құрамына Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма), Министрліктің аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Ұсынылған материалдар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім бес жұмыс күнінен кешіктірмей материалдардың қабылданбау себептерін көрсетіп, оларды берген тауар өндірушілерге және Құс өсірушілер одағына қайтарады.
Тармақ 14
14. Комиссияның жұмыс органы Басқарма болып табылады. Комиссияның құзыретіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Бөлім ұсынған субсидиялау жөніндегі жиынтық материалдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне үш жұмыс күні ішінде қарау;
Тармақша 2
2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік субсидиялар алуға, субсидияланатын асыл тұқымды өнім (материал) сатып алуға жылдық квоталар, сондай-ақ осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде бюджеттік субсидиялар көлемін алуға тауар өндірушілер мен құс фабрикаларының жиынтық тізімін облыс әкіміне бекітуге ұсыну. Бұл ретте құс фабрикаларының бөлінісінде бюджеттік субсидиялар алушылардың тізімі Құс өсірушілер одағының ұсынымдары негізінде қалыптастырылатын Министрліктің ұсыныстарын ескере отырып жасалады.
Тармақ 15
15. Тауар өндірушілердің (құс шаруашылығын қоспағанда) өтінімдері облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен артық болған жағдайда Комиссия тобындағы асыл тұқымды малдың үлестік салмағы жоғары тауар өндірушілердің және (немесе) ауылдық тұтыну кооперативтері мүшелерінің өтінімдерін басым тәртіппен қанағаттандырады.
Тармақ 16
16. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді. Басқарма субсидияланатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) көлеміне арналған квоталарды көрсетіп, облыс әкімінің шешімімен бекітілген субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бір данадан Министрлікке, тиісті бөлімдерге және Құс өсірушілер одағына жолдайды.
Тарау 3. 3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 17
17. Тауар өндірушілер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидияларды алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелерін - кассалық кіріс ордерін, банктің төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрі - төлем құжаттары); өнімді алуға сенімхат; асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны жеткізіп беру актісін;
Тармақша 2
2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелерін; өнімді сатып алуға сенімхат; тұқымдық бұқалардың ұрығын пайдалану актісін;
Тармақша 3
3) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін сатып алу кезінде: сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының көшірмелерін;
Тармақша 4
4) шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды төлін лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде: лизинг шартының көшірмесін; лизинг бойынша негізгі борышты өтеу кестесінің көшірмесін; өтеу кестесіне сәйкес лизингтің негізгі борышы бойынша қаражаттың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін; асыл тұқымды төлді беру және жеткізу актісін. Тауар өндірушілерге лизинг шарты негізінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымды төлі үшін субсидиялар төлеу лизинг шарты бойынша негізгі борышты төлеуге байланысты шығыстарды өтеу үшін олардың белгіленген арзандатылған құнынан аспайтын (50%-ға дейін) мөлшерде жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Асыл тұқымды өнім (материал) құнының кемінде 50 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге жол беріледі. Бұл ретте тауар өндірушілер Бөлімге: сатып алу-сату шартының көшірмесін; ішінара төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады. Қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмелерін, асыл тұқымды өнімді (материалды) алуға сенімхатты, сондай-ақ оларды жеткізіп беру немесе пайдалану актілерін тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.
Тармақ 19
19. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күнінің ішінде, бірақ 2010 жылғы 27 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларды сәйкес келмеу себептерін көрсетіп, тауар өндірушілерге қайтарады.
Тармақ 20
20. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күнінің ішінде, бірақ 2010 жылғы 29 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатылғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді. Оларда көрсетілген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен нормативтері негізінде белгіленген квоталар шегінде тиесілі бюджеттік ақшаның көлемін айқындайды, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды себептерін көрсетіп, Бөлімге пысықтауға қайтарады.
Тармақ 21
21. Асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін республикалық малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады; Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алу үшін республикалық малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 22
22. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды ұстауға, олардың ұрықтарын бағалау үшін алуға, сақтауға, пайдалануға арналған шығындарды толық өтеу үшін шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды бұқаларды ұстау, олардың ұрықтарын бағалау үшін алу, сақтау, пайдалану жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады. Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды бұқаларды ұстауға, олардың ұрықтарын бағалау үшін алуға, сақтауға, пайдалануға республикалық малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 23
23. Балапандарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Балапандарды сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады. Басқарма ұсынылған шарттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды балапандарды сатып -алу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық балапандарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен жеткізу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тармақ 24
24. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2009 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға асыл тұқымды құстарды ұстау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады. Басқарма ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды құстарды ұстауға етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы орталықтың банк шотына аударады.
Тармақ 25
25. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт, шығындардың жасалуына қарай, бірақ 2010 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады. Басқарма ұсынылған есептемелерді он жұмыс күні ішінде тексереді, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының банк шотына аударады.
Тармақ 26
26. Басқарма осы Ереженің 21, 22, 23, 24, 25-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне екі данада ақы төлеу шотының тізілімін және ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 27
27. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тарау 4. 4. Тараптардың жауапкершілігі және есептілік тәртібі
4. Тараптардың жауапкершілігі және есептілік тәртібі
Тармақ 28
28. Басқарма ай сайын, есептіден кейінгі 5-күнге дейінгі мерзімде, бірақ 2010 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны және тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есепті ұсынады.
Тармақ 29
29. Облыс әкімдері Министрлікке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы аралық есепті 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 30
30. Министрлік нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің төмен тұрған бюджеттерге уақтылы аударылуы үшін жауапты болады.
Тармақ 31
31. Облыстың, ауданның әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланбағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Басқа 1. Бюджеттік субсидиялардың нормативтері
Ережеге 1-қосымша Бюджеттік субсидиялардың нормативтері
Тарау 1. 1. Асыл тұқымды төлге бюджеттік субсидиялардың нормативтері
1. Асыл тұқымды төлге бюджеттік субсидиялардың нормативтері Р/с № Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 ки­ло­грамм ті­рі сал­ма­ғы­на бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге Элит  ре­корд эли­та I класс Ірі қа­ра мал сүт­ті ба­ғыт­та­ғы: 150 130 1. Қа­ра-ала (гол­ш­тин) сиыр 165 150 130 2. Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл) сиыр 165 150 130 130 3. Қо­ңыр (ала­тау) сиыр 165 150 130 4. Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) сиыр 165 150 130 ет­ті ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­з­ақ­тың ақ­ба­сты сиы­ры 165 150 130 2. Әу­лие­көл сиы­ры 165 150 130 3. Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 165 150 130 4. Ша­ро­ле сиы­ры 165 150 130 5 Ге­ре­форд сиы­ры 165 150 130 Қой­лар би­я­зы жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: эли­та I класс II класс 1. Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­ді қойы 138 125 110 2. Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы 138 125 110 3. Оң­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 138 125 110 4. Сол­тү­стік қа­зақ ме­ри­но­сы 138 125 110 5. Ав­стра­лия ме­ри­но­сы 138 125 110 би­я­зы­лау жүн­ді ба­ғыт­та­ғы: 1. Сы­ғай қойы 138 125 110 2. Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау кросс­бред­ті жүн­ді қойы 138 125 110 3. Де­ге­рес ет­ті-жүн­ді қойы 138 125 110 Ет­ті-май­лы ба­ғыт­та­ғы: 1. Еділ­бай қойы 138 125 110 2. Қа­з­ақ­тың құй­рық­ты қы­л­шық жүн­ді неме­се қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау жүн­ді қойы 138 125 110 3. Са­ры­ар­қа құй­рық­ты қойы 138 125 110 4. Гис­сар қойы 138 125 110 5. Қа­ра­көл қойы 138 125 110 өнім­дік ба­ғыт­та­ғы: 1. Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы 110 100 90 2. Кө­шім жыл­қы­сы 100 90 75 3. Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы 100 90 75 спорт ба­ғы­тын­да­ғы: 1. Қо­ста­най жыл­қы­сы 300 270 240 Шош­қа­лар 1. Ірі ақ шош­қа 130 115 100 2. Немі­стің асыл тек­ті шош­қа­сы 130 115 100 3 Дю­рок 130 115 100 Түй­е­лер 1. Қа­з­ақ­тың ай­ыр өр­ке­ш­ті түй­е­сі 80 70 60 2. Ару­а­на 80 70 60
Тарау 2. 2. Тұқымдық бұқа ұрығының 1 дозасына бюджеттік субсидиялар нормативтері
2. Тұқымдық бұқа ұрығының 1 дозасына бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал тү­рі Ата­лық бұ­қа­лар­дың ұры­ғын са­тып алу­ға бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар но­ма­тив­те­рі, тең­ге қос жы­ны­сты ұрық бір жы­ны­сты ұрық 1. Тұқым­дық бұ­қа ұрық­та­ры 500 1000
Тарау 3. 3. Бір тәуліктік балапандарға бюджеттік субсидия нормативтері
3. Бір тәуліктік балапандарға бюджеттік субсидия нормативтері Р/с № Асыл тұқым­ды өнім­дер­дің тү­рі Бір тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­дың 1 ба­сын са­тып алу­ға бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге ата-тек­тік та­бын­дар * ата-ене­лік та­бын­дар ** 1. Тәу­лік­тік ба­ла­пан (ет­ті ба­ғыт­та­ғы) 275 2. Тәу­лік­тік ба­ла­пан (жұ­мырт­қа ба­ғы­тын­да­ғы) 45
Тарау 4. 4. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге
4. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге Р/с № Асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ның түр­ле­рі Құс фаб­ри­ка­ла­ры­на жұ­мыр­тқа­ны са­тып алу­ға, тең­ге ата-тек­тік та­бын­нан ата-ене­лік та­бын­нан 1. Та­уық (жұ­мырт­қа­ла­ғыш) жұ­мырт­қа­сы - 19 2. Үй­рек жұ­мырт­қа­сы 35 30 * Етті бағыттағы құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін. ** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін. - Асыл тұқымды мәртебесін 1 жылдан астам уақыт алған асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алынған асыл тұқымды өнімдер (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.
Тарау 5. 5. Шетелдік селекцияның ірі қара малының асыл тұқымды төліне бюджеттік субсидиялардың нормативі
5. Шетелдік селекцияның ірі қара малының асыл тұқымды төліне бюджеттік субсидиялардың нормативі Р/с № Мал­дың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры 1 бас­қа бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві (50%-га дей­ін), мың тең­ге Ше­тел­дік се­лек­ци­я­ның ет ба­ғы­тын­да­ғы ірі қа­ра ма­лы 1. Сол­тү­стік Аме­ри­ка­дан әке­лі­не­тін 330,0 2. Еуро­па­дан әке­лі­не­тін 304,0
Басқа 2
Ережеге 2-қосымша «Бекітемін» _________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы_________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2010 жылғы «___» ____ ___________ облысы бойынша 2010 жылдың ___ ___ айындағы асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды) __________________________________________________________________ (асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомость* Ата­уы Жыл­дық кво­та, мал ба­сы Бір бір­лік (кг т/с, до­за, да­на), мал ба­сы үшін бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­тып алын­ға­ны (кг т/с, да­на, до­за), мал ба­сы Жыл­дың ба­сы­нан бе­рі бюд­жет­тік суб­си­ди­я­ның ти­е­сі­лі со­ма­сы Жыл­дың ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні тең­ге Бюд­жет­тік суби­ди­я­лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті тең­ге аудан­ның асыл тұқым­ды өнім­ді неме­се асыл тұқым­ды ма­те­ри­ал­ды са­тып алушы­ның (кг, до­за,да­на тең­ге жыл ба­сы­нан ба­стап есеп­ті ай ішін­де *сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады. Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға)             ______________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер(жауапты тұлға)    ______________________ (аты-жөні, қолы)
Басқа 3
Ережеге 3-қосымша «Бекітемін» _________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы_________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2010 жылғы «___» ____ Малды асылдандырушы орталыққа, малды асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына 2010 жылғы _________ айы үшін тиесілі бюджеттік (ай) субсидиялар туралы жиынтық ведомость Шы­ғын­дар­дың бап­та­ры Бюд­жет қа­ра­жа­тын бө­лу сме­та­сын­да көз­дел­ген со­ма, мың тең­ге Са­тып алын­ған та­у­ар­лар­дың (жа­ну­ар­лар­дың), орын­дал­ған қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың нақ­ты кө­ле­мі Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі­лі со­ма, мың тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, мың тең­ге Ти­е­сі­лі со­ма­ның қал­ды­ғы, мың тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті, мың тең­ге жиы­ны Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) ______________________ (аты-жөні, қолы) Бухгалтер(жауапты тұлға) ______________________ (аты-жөні, қолы)