Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку в 2010 году Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы қаңтар-наурызда тіркеу жылғы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) "Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірге (келісім бойынша) тіркеу бойынша іс-шара өткізілсін.
Тармақ 3
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2010 жылдың қаңтар-наурыздағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялардың есебінен жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін бірінші күннен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жүндібаевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ В. Стельмах
"Қостанай қаласының қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Ө. Өтебасов