Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес халықты қоғамдық жұмыстарға жіберу және жұмыссыздар санын азайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Серікбаев) 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмаған мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ғ.Аязов) қоғамдық жұмыстарға жалақы төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
Басқа 7
Сайрам аудан әкімдігінің 2010 жылғы
21 қаңтардағы № 32 қаулысымен
бекітілген
2010 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№ р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Көлемі (адам)
1.
Ауыл округі әкімінің аппараттары
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға қатысу
17
2.
Ауыл округі әкімінің аппараттары
Жолдар құрылысы және оларды жөндеу жұмыстарына қатысу
40
3.
Ауыл округі әкімінің аппараттары, мемлекеттік орман шаруашылықтары
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау
120
4.
Ауыл округі әкімінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
25
5.
Ауыл округі әкімінің аппараттары,
Аймақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру жұмыстарына қатысу
125
6.
Ішкі істер басқармасы
Қоғамдық тәртіп
17
7.
Аудан әкімінің аппараты, ауыл округі әкімінің аппараттары, Аудандық экономика және қаржы бөлімі, Аудандық жер қатынастары бөлімі, "ОҚО жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК- ның Сайрам филиалы, Мемлекеттік зейнет ақы төлеу орталығы, Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, Сайрам ауданының әділет басқармасы, "№ 2 Сайрам балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Аудандық Төтенше жағдай басқармасы, "Болашақ" балалар сауықтыру лагері
Басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
206
Барлығы:
550
Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.