Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2010 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение закладки и выращивания многолетних насаждений плодово-ягодных культур и винограда Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 91 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 087 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ):
Тармақша 1
1) 2009 жылғы күзде және (немесе) 2010 жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (қарқынды типті бақтар, жидектер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды 2010 жылы өсіруге арналған. Бұл ретте жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу: кемінде 5 гектар алаңда; тамшылатып суару жүйесін қолданып; тіреуіш бағаналарды орнатып: жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпелері аласа бойлы телітушілермен отырғызылған жағдайда - бірінші отырғызылған жылы, жүзімнің көп жылдық екпелерін өсірген жағдайда - екінші жылы; Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сұрыптарының тізбесіне енгізілген сұрыптармен; тиісті лицензиясы (жерге орналастырумен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыспен айналысуға) бар және АШТӨ-нің көп жылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесімен байланысқан адам әзірлеген бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) үлгі жобаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;
Тармақша 2
2) 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде 087 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге);
Тармақша 3
3) 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының 106 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша 2008 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің екінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге);
Тармақша 4
4) 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының 106 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша 2007 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің үшінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге) кеткен шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 087 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде облыстар бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.
Тармақ 4
4. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ-ге осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қаражат бөлу шартымен келесі жылдары, бірақ төрт жылдан аспайтын уақытқа жеміс беру сәті туындағанға дейін оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар беріледі.
Тармақ 5
5. Бюджеттік субсидия жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсірудің осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес көп жылдық екпелердің сипаттамасына байланысты сараланып, бюджеттік субсидияларды алуға берілген өтінімде көрсетілген параметрлерді сақтау шартымен 1 гектарға арналған шығындардың мөлшерінен аспайтын құнының 40%-ына дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Тарау 2. 2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу және пайдалану тәртібі
2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу және пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. АШТӨ өтінімдерін қарау, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актілерін және тексеру актілерін жасау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) мемлекеттік инспекциясы комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының, жер қатынастары жөніндегі аудандық бөлімнің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрамында ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы бөлімі) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 7
7. АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мына: АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызуға арналған типтік жобаны тіркеуі бойынша жұмыстарды өткізу; екпелерді отырғызу үшін отырғызу материалына және тамшылатып суару жүйесіне арналған сатып алу-сату және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері.
Тармақ 8
8. Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) алдыңғы жылдары жасалған жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісінің көшірмелері;
Тармақша 3
3) өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Тармақ 9
9. ВАК:
Тармақша 1
1) он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдердің толықтығы мен нақтылығын тексереді;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алуға үміткер АШТӨ-нің алдын-ала тізбесін (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алдын ала тізбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.
Тармақ 10
10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алдын-ала тізім ВАК ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы бөлімі АШТӨ өтінімдерін облыста қарау жөніндегі жұмыс органы болып табылатын облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) жібереді.
Тармақ 11
11. Ауыл шаруашылығы басқармасы:
Тармақша 1
1) бес жұмыс күні ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша алдын-ала тізбелерді қарайды. Бұл ретте, егер өтінімдер сомасы бөлінген бюджет қаражатының сомасынан асып кетсе, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алаңдар АШТӨ арасында алаңдардың өтінім берілген мөлшеріне байланысты барабар бөлінеді;
Тармақша 2
2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға облыс бойынша АШТӨ-нің алдын-ала тізбесі жасалады және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
Тармақ 12
12. ВАК:
Тармақша 1
1) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде жергілікті жерге барып: осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісін (бұдан әрі - отырғызу актісі); осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі);
Тармақша 2
2) ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ-ның түпкілікті тізбесін (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбені) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оны өтінімдермен бірге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге ұсынады.
Тармақ 13
13. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбені, өтінімдерді, әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актісін және әрбір АШТӨ бойынша тексеру актісін ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Ауыл шаруашылығы басқармасына жібереді.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 15
15. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-нің өтінімдерін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша АШТӨ-нің бюджеттік субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;
Тармақша 2
2) өтінімдерді берген АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны: теріс шешім болған жағдайда өтінімді қайтарып беру себептерін көрсетіп; өтінім білдірілген алаңдар барабар бөлінген жағдайда отырғызғаннан кейін субсидиялауға жататын алаңның көлемін көрсете отырып жібереді;
Тармақша 3
3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
Тармақ 17
17. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 18
18. Қандай да бір облыс жеміс-жидек дақылдарын және (немесе) жүзімді отырғызуға бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджетте көзделген бюджеттік бағдарлама қаражаты шегінде субсидияларды дақылдар арасында қайта бөлуге құқылы.
Тармақ 19
19. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ Ауыл шаруашылығы басқармасына Министрлік бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есеп береді.
Тармақ 20
20. Алдыңғы жылдары жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға бюджеттік субсидиялар алған, бірақ отырғызылған екпелерді кейінгі жылдары сақтап қалмаған АШТӨ-ге өсіруге бюджеттік субсидиялар төленбейді.
Тармақ 21
21. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі және дақылдар мен сұрыптар бөлінісінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңдары туралы есепті ұсынады.
Тармақ 22
22. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-ден құжаттарды қабылдау мерзімін және АШТӨ өтінімдер беру орнын көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ВАК-тың жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 24
24. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудармағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 25
25. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.
Басқа 1. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге арналған шығындардың нормалары
Ережеге 1-қосымша Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге арналған шығындардың нормалары Көп жыл­дық ек­пе­лер­дің си­патта­ма­сы Там­шы­ла­тып су­а­ру­дың ир­ри­га­ци­я­лық жаб­дық­та­рын са­тып алу­ға және мон­таж­да­у­ға кет­кен шы­ғын­дар­ды ес­ке­ре оты­рып отыр­ғы­зу Суб­си­дия (40%) 2 ве­ге­та­ция Суб­си­дия (40%) 3 ве­ге­та­ция Суб­си­дия (40%) 4 ве­ге­та­ция Суб­си­дия (40%) Дәнек­ті бақ­тар ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды қол­дан­бай жар­ты­лай ала­са бой­лы және ұзын бой­лы те­лі­ту­ші­лер­мен отыр­ғы­зы­л­ған 847 546 339 018 48 385 19 354 52 110 20 844 51 531 20 612 ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды қол­да­нып ала­са бой­лы те­лі­ту­ші­лер­мен отыр­ғы­зы­л­ған 1 017 055 406 822 48 385 19 354 52 110 20 844 51 531 20 612 Ше­кіл­де­уік­ті бақ­тар ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды қол­дан­бай жар­ты­лай ала­са бой­лы және ұзын бой­лы те­лі­ту­ші­лер­мен отыр­ғы­зы­л­ған 1 126 294 450 518 66 258 26 503 72 735 29 094 214 743 85 897 ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды қол­да­нып ала­са бой­лы те­лі­ту­ші­лер­мен отыр­ғы­зы­л­ған 1 407 867 563 147 66 258 26 503 72 735 29 094 214 743 85 897 Дәс­түр­лі бақ­тар* 0 0 66 258 26 503 72 735 29 094 214 743 85 897 Жү­зім­дік­тер ті­ре­уіш ба­ға­на­лар­ды қол­да­нып отыр­ғы­зы­л­ған 876 375 350 550 813 627 325 451 202 968 81 187 407 301 162 920 Дәс­түр­лі жү­зім­дік­тер* 0 0 813 627 325 451 202 968 81 187 407 301 162 920 * осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде ғана 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде, 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде, 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге) арналған бюджеттік субсидияларды төлеуге қолданылады
Басқа 2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидиялар алуға өтініш
Ережеге 2-қосымша ______________ ауданының (облыстық маңызы бар қала) ведомствоаралық комиссиясы Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидиялар алуға өтініш 1._____________________________________________________________ (құрылтайшы құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін _______________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) атынан бірінші басшы __________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен ____ га алаңға жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтініш білдіреді. 2. Өтінішке мыналар қоса беріледі: жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі; заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері; мына: АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге; екпелерді отырғызу үшін отырғызу материалына және тамшылатып суару жүйесіне сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизингіне шарттардың көшірмелері. 3. ____ га алаңға жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды жүзеге асыру үшін: 1) ____ теңге сомаға ______ дана көшет*; 2) ____ теңге сомаға ______ дана тіреуіш бағаналары**; 3) жобалау, оның ішінде: - _____ теңге сомаға рельефті 0,5 метр сайын жара отырып, 1:2000 масштабта топотүсіру; - _____ теңге сомаға 1:5000 масштабта топырақты мелиоративтік және топырақты геологиялық ізденістер (қажет болған кезде тұзды түсіру); - _____ теңге соммаға тамшылатып суару; - _____ теңге сомаға көп жылдық екпелердің бас жоспары (отырғызу сызбасы, сұрыптық құрамы, жол және суармалы желі аумағын ұйымдастыру және т.б); 4) ____ теңге сомаға тыңайтқыштар; 5) ____ теңге сомаға өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау құралдары. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері _________________ _________________ _________________ ___________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) * - аласа бойлы телітушілер үшін көшеттердің саны 1 гектарда 1600 данадан, жартылай аласа, бойлы телітушілер үшін 800 данадан және ұзын бойлы телітушілер үшін 400 данадан кем болмауы тиіс; ** - жүзім үшін көшеттердің саны 2000 данадан кем болмауы тиіс.
Басқа 3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидиялар алуға өтініш
Ережеге 3-қосымша Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидиялар алуға өтініш 1. ____________________________________________________________ (құрылтай құжатының атауы) негізінде әрекет ететін _______________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) атынан бірінші басшы __________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен _________ га алаңға 200 жылғы күзде және (немесе) 200 __ жылғы көктемде отырғызылған «___» өсу жылындағы жеміс дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек), көп жылдық екпелерін өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар бөлу туралы өтінім білдіреді. 2. Өтінішке: өткен жылдарда жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісінің; өткен жылдарда бюджеттік субсидиялардың алынғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері қоса беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері: ____________________ ____________________ ____________________ ____________________ ____________________ ____________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 4. Облыс бойынша бюджеттік субсидияны алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала тізбесі
Ережеге 4-қосымша «Бекітемін» _____________ облысының әкімі ___________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200 _____ жылғы «___» ___ Облыс бойынша бюджеттік субсидияны алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала тізбесі Р/с № Аудан­ның ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Отыр­ғы­зу және өсі­ру ала­ңы, га Отыр­ғы­зу­дың және өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі, тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың со­ма­сы, тең­ге Жиы­ны: _____________________________________________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _________________________                 20 ____ ж. «___» _________      (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 5. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызудың 20____ жылғы «___» _______ № _____ актісі
Ережеге 5-қосымша Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызудың 20____ жылғы «___» _______ № _____ актісі Біз, төменде қол қойған, _________________ облысы _____________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері құрамында: комиссия төрағасы ___________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі _____________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі __________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________ ______________________________________________________ басшысы болып, (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) _____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) мынадай көп жылдық екпелерді: ________________ га алаңға __________________________________________ (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) ________________ га алаңға __________________________________________ (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) ________________ га алаңға __________________________________________ (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) отырғызуды іске асырғаны туралы осы актіні жасадық. Комиссия төрағасы ______________________ (қолы) комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі ______________________ (қолы) Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ______________________ (қолы) аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі ______________________ (қолы) ғылыми ұйымның өкілі ______________________ (қолы) қоғамдық ұйымның өкілі ______________________ (қолы) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ______________________ (қолы, мөрі)
Басқа 6. Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін тексерудің 20____ жылғы «___» _______ № _______ актісі
Ережеге 6-қосымша Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін тексерудің 20____ жылғы «___» _______ № _______ актісі Біз, төменде қол қойған, __________ облысы ____________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері құрамында: Комиссия төрағасы ___________________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі _____________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі __________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ғылыми ұйымның өкілі _______________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________ _____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) _____________________________________________________________________ ______________________________________________________ басшысы болып, (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) _____________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы) 200___ отырғызылған «___» өсу жылындағы көп жылдық екпелерді _____________________ га алаңға _____________________________________ (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) _____________________ га алаңға ____________________________________ дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) _____________________ га алаңға _____________________________________ (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы) өсіруді жүзеге асырып жатқандағы туралы осы актіні жасадық. Комиссия төрағасы ______________________ (қолы) комиссия мүшелері: аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы басқармасының (бөлімінің) өкілі ______________________ (қолы) Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі ______________________ (қолы) аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі ______________________ (қолы) ғылыми ұйымның өкілі ______________________ (қолы) қоғамдық ұйымның өкілі ______________________ (қолы) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші ______________________ (қолы, мөрі)
Басқа 7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге 2010 жылға арналған бюджеттік субсидияны алуға түпкілікті тізбесі
Ережеге 7-қосымша «Бекітемін» ____________________ облысының әкімі (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20____ жылғы «___» _____ Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге 2010 жылға арналған бюджеттік субсидияны алуға түпкілікті тізбесі Р/с № Аудан­ның ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Отыр­ғы­зу және өсі­ру ала­ңы, га Өсі­ру ала­ңы (1 өсу жы­лы), га Өсі­ру ала­ңы (2 өсу жы­лы), га Өсі­ру ала­ңы (3 өсу жы­лы), га Отыр­ғы­зу­дың және өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі, тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (1  өсу жы­лы) тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (2  өсу жы­лы) тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (3  өсу жы­лы) тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың со­ма­сы тең­ге Жиы­ны: ____________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы __________________________________ (Т.А.Ә., қолы) 20____ ж. «___» ____
Басқа 8. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ведомость
Ережеге 8-қосымша «Бекітемін» ________________ облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы _______________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 20____ жылғы «___» _____ Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылға арналған бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ведомость Р/с № Аудан­ның ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Да­қыл Отыр­ғы­зу және өсі­ру ала­ңы, га Өсі­ру ала­ңы (1 өсу жы­лы), га Өсі­ру ала­ңы (2 өсу жы­лы), га Өсі­ру ала­ңы (3 өсу жы­лы), га Отыр­ғы­зу­дың және өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі, тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (1  өсу жы­лы) тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (2  өсу жы­лы) тең­ге Өсі­ру­дің 1 гек­та­ры­на ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың мөл­ше­рі (3  өсу жы­лы) тең­ге Бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар­дың со­ма­сы тең­ге Жиы­ны: Төленетін сома _____________________________________________________ (жазумен) ______________________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________________________________ (Т.А.Ә., қолы)