2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне" сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысы № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К. Құрмашовқа) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Момбаевқа) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Жуалы ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Өміралиев 21 қаңтар 2010 жыл «Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы полиция подполковнигі Б. Налеков 21 қаңтар 2010 жыл «Жамбыл облысының Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы подполковник Ғ. Садыбеков 21 қаңтар 2010 жыл «Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесінің директоры А. Муртазаев 21 қаңтар 2010 жыл
Басқа 8. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі:
Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысына № 1-қосымша 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. "Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. "Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. "Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. "Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. Жуалы ауданы "Нұрлыкент ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. "Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. "Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. "Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. "Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. "Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. "Қошқарата ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. "Қызыларық ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. "Мыңбұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. "Тоғызтарау ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. "Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. "Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. "Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. "Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Жамбыл облысының Әділет департаменті Жуалы ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 19
19. "Жамбыл облысы әкімдігінің Жуалы ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. "Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 21
21. "Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 22
22. "Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 23
23. Жуалы ауданы әкімиятының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жуалы-су" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Басқа 32. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс.
Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 4 қаулысына № 2-қосымша 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс. № Жұмыс түрлері Нақты жұмыс жағдайлары Көлемі Қаржы көздері Сұраныс Ұсыныс 1 Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) 1. Арық тазалау 2. Күл–қоқыс шығару 3. Жол құрылысы және жөндеу жұмыстарына көмек көрсету 4. Гүл егу және оны күту 80 километр 1600 тонна 80 километр 500 метр квадрат Жергілікті бюджет 125 125 2 «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету. 1. Тал егу, оны күзету, суғару 2. Ескі талдарды ретке келтіру 50000 түп 50,1 гектар Жергілікті бюджет 120 120 3 Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу. 1. Сауалнама жүргізу 2. Санақ жұмыстарына қатысу 3. Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 40 40 4 Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен мүгедектердің, жалғызбасты қарттардың үйлерін ағымды жөндеуден өткізуге жәрдемдесу. 1. Тал әктеу 2. Отын дайындау 3. Аулаларды ретке келтіру қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 25 25 5 Ауылдық округтер аймақтарындағы ескерткіш, мұражайды күту және күзету. 1. Мұражайдың тазалығын қадағалау 2. Күту және баптау, күзету қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 10 10 6 Табысы аз азаматтардың әлеуметтік жағдайларын анықтау. 1. Үй шаруасына көмектесу қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 10 10 7 Мектеп кітапханаларындағы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары 1. Кітаптардың парақтарын түгендеу, қайта түптеу, кітаптың мұқабасын жаңартуға көмектесу қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 20 20 8 Тұрғындарға малдәрігерлік көмек көрсетуде ветеринарлық инспекторларға көмектесу Ұрықтандыруға көмектесу қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 20 20 9 Мектеп, балабақша ғимараттарын ағымдық жөндеу, кітапханаларда кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету–қайта түптеу, мұқабасын жаңарту, мектеп бақтарын көріктендіру, көгеріштендіру 1. Сырлау, әктеу. 2. Күл–қоқыс шығару 3. Кітаптарды жөндеуге көмектесу 4. Гүл егу және оны күту қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 38 38 10 Ауылдық учаскелік полицияға көмек көрсету жұмыстары 1. Ауылдық учаскелік полицияның жұмысына көмектесу қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 25 25 11 Ауылдарға судың жеткізілуін қамтамасыз ету жұмыстары 1. Арық тазалау қажеттілікке байланысты Жергілікті бюджет 17 17 Барлығы 450 450