2010 жылға жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тәзбесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тәзбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 96-IV Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыздар үшін кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі (М.Қыдырқожа) аудандық бюджеттен 2010 жылға қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 08 ақпандағы № 53 қаулысына қосымша 2010 жылы арналған табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай - ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудың мамандықтар тізбесі № Мамандықтар тізімі Оқуға жіберілетін адамдардың саны Оқу мер-зімі Орташа оқу ақысы 1 айға Тұру ақы-сы 1 айға Тамақта- ну ақы-сы 1 айға Жолдың жал-пы құны (мың. теңге) Медицина-лық куәландыру төлемі Барлық шығын (мың. тең-ге) 1 Туристік агент 10 1 ай 15000-00 6000 6000 1000 1500 225,0 2 Кіші қызметкер 10 1 ай 10000-00 6000 6000 1000 1500 100,0 3 Жүк ілдіруші 10 1 ай 10000-00 6000 6000 1000 1500 225,0 4 Газбен кесуші 20 1 ай 12000-00 6000 6000 1000 1500 320,0 5 Тас қалаушы 10 1 ай 10000-00 6000 6000 1000 1500 100,0 6 Темір және бетон конструкциаларын монтаждау 10 1 ай 12000-00 6000 6000 1000 1500 180,0 7 Скважиналарды барлау және пайдалану бұрғылау бұрғышының көмекшісі 10 2 ай 14000-00 6000 6000 1000 1500 210,0 8 Слесарь- құрылысшы 10 1 ай 9000-00 6000 6000 1000 1500 90,0 9 Дербес электронды есептеу машиналарының операторы 10 1 ай 10000-00 6000 6000 1000 1500 100,0 Барлығы: 100 1550,0