2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы жұмыссыздарға арнап әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субьектілерінің тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған нысаналы топтардағы жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы шаруашылық субьектілердің тізімі бекітілсін. (Қосымша)
Тармақ 2
2. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі (М.Қыдырқожа) аудандық бюджеттен 2010 жылға қаралған қаражат есебінен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.