О закупе зерна в государственные ресурсы из урожая 2010 года Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік ресурстарға 2010 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ресурстарға 2010 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 5625000000 (бес миллиард алты жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерінде;
күзгі кезеңде 5625000000 (бес миллиард алты жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.