О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в районе на 2010 год Қолданыста
Басқа 0
Ауданда 2010 жылға халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осакаров ауданының аймағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі келесі жұмыссыз азаматтардың санаттарымен анықталсын:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалар;
Тармақша 2
2) 50-ден асқан әйелдер;
Тармақша 3
3) 55-тен асқан ерлер;
Тармақша 4
4) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемеген тұлғалар;
Тармақша 5
5) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
Тармақша 6
6) 29 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
Тармақша 1
1) зейнеткерлікке дейінгі (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) жастағылардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ұзартылсын;
Тармақша 2
2) зейнеткерлік жасқа дейінгі (зейнетке шығуға екі жыл қалғанға дейін) тұлғалардан басқа, мүгедектердің, дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғалардың қоғамдық жұмыстарда қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті орган "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шөппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.