Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2010 года областными бюджетами и бюджетом города Астаны на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 33-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 084 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне-көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы (бұдан әрі — бағдарлама) бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер (бұдан әрі бюджеттік субсидиялар) тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын, гербицидтерді және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің мақсаты үшін бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы деп агротехнологияларды қолдану деңгейіне қарамастан, тауар өндірушілерге төленетін бюджеттік субсидиялардың ең төменгі мөлшері түсініледі.
Тармақ 4
4. Жанар-жағар май материалдарын, гербицидтерді және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялар төлеу:
Тармақша 1
1) қант қызылшасы бойынша (фабрикалық): 70 % - 1 гектарға егіс науқанының қорытындылары бойынша; 30 % - сатылған немесе қант зауытына қайта өңдеуге өткізілген 1 тонна қант қызылшасына (қолда бар қайта өңдеу қуаттылықтарына сәйкес);
Тармақша 2
2) майлы дақылдар бойынша: 70 % - eгic науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға; 30 % - сатылған немесе қайта өңдеу ұйымдарына қайта өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға (қолда бар қайта өңдеу қуаттылықтарына сәйкес);
Тармақша 3
3) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша eгic науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға бюджеттік субсидиялардың базалық норма бойынша — 100 %. Осы дақылдар аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген жағдайда (ғылым ұсынған құрамында сүрі жердің (пар) үлесі бар сорты 4 репродукциядан кем болмаған, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық деп танылған тұқыммен сүрі жерге (парға) себілген бірінші дақылға) базалыққа қарағанда көбейетілген бюджеттік субсидиялар нормасымен төленеді;
Тармақша 4
4) күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша - 1 гектарға егіс науқанының қорытындылары бойынша 100 %; Бұл ретте мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын және егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алаңы бар тауар өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативіне не ауылдық су пайдаланушылардың тұтынушылар кооперативіне қатысушы болып табылмаса, бюджеттік субсидиялардың базалық нормасының елу пайызы мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;
Тармақша 5
5) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша әрбір дақыл айналымға бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының 50 %-ы бойынша 1 шаршы метрге алынған өскіннің (өнген өскіннің кемінде 95 %-ы) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте тұтас алғанда қорғалған топырақ жағдайындағы көкөніс дақылдарының кемінде екі дақыл айналымы: біріншісі - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 15 маусымына дейін және екіншісі - 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін субсидияланады (қысқы-көктемгі және күзгі қысқы кезеңдер).
Тармақ 5
5. Көкөністік-бақша дақылдары ашық топырақта, қант қызылшасы мен мақта өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысымды реттегішті, су өлшегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен) өсірілген жағдайда бюджеттік субсидиялар нормасы бюджеттік субсидиялардың базалық нормасымен салыстырғанда көбейеді.
Тармақ 6
6. Тауар өндірушілерге гербицидтерді сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген гербицид гербицидтер өндіруді (формуляциялауды) жүзеге асыратын және пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызмет түрлеріне лицензиясы бар отандық жеткізушілерден (бұдан әрі - жеткізуші) сатып алынған жағдайда сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік субсидиялар оңтайлы мерзімде себілген, осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңында ғана төленеді. Егудің оңтайлы мерзімін ғылыми ұйымдардың қорытындылары негізінде жылдың қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың және Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Тармақ 8
8. Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша бюджеттік субсидиялар нормалары және сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормалары eгic алаңын, басым дақылдарды өсіретін 1 гектарға кеткен шығындар мен гербицидтердің жұмсалу нормаларын, бөлінген қаражаттың көлемін, сондай-ақ технологияларды қолдану деңгейін ескере отырып белгіленеді және осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген.
Тармақ 9
9. Министрлік облыстардың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары ұсынған, 2009 - 2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешеніне сәйкес жасалған облыс (Астана қаласы бойынша) eгic алаңдарының болжамды құрылымы негізінде, субсидиялауға жататын ауылшаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша өсіру алаңын және өндіру көлемін, сондай-ақ бюджеттік субсидиялардың көлемін айқындайды және оларды облыстарға және Астана қаласына жеткізеді.
Тармақ 10
10. Гербицидтерді сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының көлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік ұсынған сома негізінде облыстар және Астана қаласы бойынша облыстардың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар сомасы осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормаларына және облыстардың (Астана қаласының) ұсыныстарына сәйкес гербицидпен өңделуге тиіс егіс алаңдарын ескере отырып, Министрлік қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Облыстардың (Астана қаласының) ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) дақылдар бөлінісінде және гербицидтер бойынша бюджеттік субсидиялар көлемін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша (Астана қаласы - тауар өндірушілер бойынша) бөледі және жеткізеді.
Тармақ 12
12. Министрлік бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстар мен Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік субсидиялау көлеміне сәйкес 2010 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына және Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударады.
Тарау 2. 2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және олардың арасында бюджеттік субсидиялардың көлемін бөлу тәртібі
2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және олардың арасында бюджеттік субсидиялардың көлемін бөлу тәртібі
Тармақ 13
13. Тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен тиісінше аудан (облыстық маңызы бар қала және Астана қаласы әкімдігінің), ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Тармақ 14
14. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 15
15. Бөлім тауар өндірушілерден құжаттар қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Тауар өндірушілер белгіленген мерзімде Бөлімге осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды коса отырып ұсынады: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін); жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін; Осы Ереженің 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын; банктің нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы ұсынады.
Тармақ 17
17. Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып, дәнді дақылдарды (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндірумен шұғылданатын тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша: аттестатталған тұқым өндірушілер берген тұқымға аттестаттың не тұқымға куәліктің көшірмелерін (тұқым сатып алынған жағдайда) немесе тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар берген тұқымның конденциялылығы туралы куәліктің және сұрыптық егістерді байқаудан өткізу актісінің көшірмелерін (егу үшін өзі өндірген тұқымды пайдаланған жағдайда). Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық болып танылған сұрыптардың 4-репродукциясынан кем емес тұқымдар себілген алаңдар субсидиялауға жатады; 2009 жылғы егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын); 2010 жылғы егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын) ұсынады.
Тармақ 18
18. Жабық топырақта өсірілетін көкөніс өсірумен шұғылданатын тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша жылыжайдың техникалық паспортының көшірмесін немесе уәкілетті органның жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі жылыжайдың бар-жоғы және жұмыс алаңы туралы (қорғалған топырақ ғимараттары) анықтамасын ұсынады.
Тармақ 19
19. Сатып алынған гербицидтердің құнын арзандатуға үміткер тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:
Тармақша 1
1) гербицидтерді өзге ұйымдардарды тартпай-ақ қолданған жағдайда: ағымдағы жылы және өткен жылдың 4-тоқсанында жеткізушіден сатып алғандығы туралы төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін; гербицид сатып алынған, пестицидтер (улы химикаттар) өндіруді (формуляциялауды) және сатуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады; Гербицидтер төлемді бөліп-бөліп төлеуге сатып алынған кезде тауар өндіруші бюджеттік субсидиялар алу үшін Бөлімге жоғарыда көрсетілген құжаттарды жеткізушімен өзара есеп айыруды жүзеге асырғаннан кейін ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады;
Тармақша 2
2) егер тауар өндіруші гербицидтерді қолданғанда (оларды сатып алмай) өзге ұйымдардың қызметтерін пайдаланған жағдайда: өзге ұйыммен гербицидтерді қолдану жөнінде қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың көшірмелерін; гербицидтердің құнын және көлемін жеке көрсетіп, гербицидтерді сатып алу жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін; гербицид сатып алынған, пестицидтер (улы химикаттар) өндіруді (формуляциялауды) және сатуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады;
Тармақша 3
3) гербицид құнының кемінде 60 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте тауар өндіруші Бөлімге: гербицидтерді сатып алу-сату шартының көшірмесін; ішінара төленгенін растайтын төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін; гербицид сатып алынған, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруді (формуляциялауды) және сатып алуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте қалған сомаға төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері) гербицидтерді алуға сенімхаттың түпнұсқасын тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей Бөлімге ұсынады. Осы Ереженің 19-тармағы 3) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда тауар өндірушілер алынған бюджеттік субсидияларды қайтарады.
Тармақ 20
20. Бөлім өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін 3 күннің ішінде оларды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігіне зерделейді және ВАК-тың қарауына енгізеді.
Тармақ 21
21. ВАК Бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялардың бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілердің тізімін жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша және гербицидтер бойынша субсидиялау көлемін тауар өндірушілердің арасында бөледі және аудан (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласының) әкіміне бекітуге енгізеді. Тауар өндірушілердің өтінімдері ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша және гербицидтер бойынша субсидиялау көлемінен асып түскен жағдайда басымдық ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің мүшелеріне беріледі, ал қалған көлем берілген өтінімдерге барабар бөлінеді.
Тармақ 22
22. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі тізімді, тауар өндірушілердің бөлінісінде субсидиялау көлемін бекітеді және тізімді (Астана қаласының әкімін қоспағанда) облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жолдайды.
Тармақ 23
23. Басқарма ұсынылған материалдарды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне қарайды.
Тарау 3. 3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 24
24. 1 гектар (жылыжай үшін - 1 шаршы метрге) егістерге бюджеттік субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер eгic науқаны аяқталғаннан кейін, бірақ осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген егу мерзімінен кешіктірмей, дақылдардың түрлері бойынша нақты алаңын және егу мерзімін көрсетіп, Бөлімге егіс науқанының аяқталғандығы туралы ақпарат береді.
Тармақ 25
25. Бөлім ақпаратты алғаннан кейін өскіндердің бар-жоғын және егіс алаңдарының мәлімделген көлемге сәйкестігін, сондай-ақ тауар өндірушілердің егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасында (схемасында) көрсетілген ауыспалы егістің сақталуын тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК мүшелерінің шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады.
Тармақ 26
26. ВАК тексеру қорытындылары бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді субсидиялау жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2007 - 2010 жылдары бөлінген және оларды күтуге 2010 жылы көзделген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көп жылдық екпелерді егуді қоспағанда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) қоса алғанда, егістікті қабылдау және көп жылдық екпелер отырғызу актісін (бұдан әрі-— қабылдау актісі) жасайды. Қабылдау актісі үш данада жасалады, оның біреуі тауар өндірушіде қалады.
Тармақ 27
27. ВАК қабылдау актісінің және тауар өндірушілер Бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне, ал Астана қаласы бойынша - Астана қаласы әкіміне бекітуге жібереді.
Тармақ 28
28. Бөлім (ал Астана қаласы бойынша - ВАК) үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қалалар, Астана қаласы) әкімдері бекіткен тауар өндірушілердің тізімін, қабылдау актілерін, сондай-ақ осы Ереженің 16-19-тармақтарына сәйкес құжаттарды Басқармаға ұсынады.
Тармақ 29
29. Басқарма ұсынылған құжаттарды тексереді және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомость және төлем шоттарын қалыптастырады. Басқарма төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
Тармақ 30
30. 1 тонна өндірілген өнімге бюджеттік субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша: қант қызылшасын қабылдау актісін қоса бере отырып, қант қызылшасын қант зауытымен сатып алу-сату бойынша шарттың (сатылған кезде) көшірмесін; төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) (қант зауытына сатылған кезде) көшірмелерін; қабылдау актісін қоса бере отырып, алыс-беріс қант қызылшасын (қайта өңдеуге өткізген кезде), қайта өңдеу қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін;
Тармақша 2
2) майлы дақылдар бойынша:
Тармақша 2-1
2-1) майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан кезде: майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, қайта өңдеу кәсіпорындарымен жасалған майлы тұқымды сатып алу-сату шартының көшірмесін; төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;
Тармақша 2-2
2-2) майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорындарына төлемді бөліп-бөліп төлей отырып сатқан кезде майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, - майлы тұқымды жауапты сақтауға беру туралы қайта өңдеу кәсіпорыны мен тауар өндіруші арасында жасалған шарттың көшірмесін. Майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорнына жауапты сақтау шарты бойынша тапсыру фактісін растау үшін тауар өндіруші сақтау жөніндегі қызметтер үшін төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін Бөлімге ұсынады.
Тармақша 2-3
2-3) алыс-беріс негізінде майлы тұқымды қайта өңдеуге өткізген кезде: майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, майлы тұқымды қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелерін; майлы тұқымды қайта өңдеу жөніндегі қызметтері үшін төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;
Тармақша 2-4
2-4) майлы тұқымды өзінің шағын цехтарында қайта өңдеген кезде - тауар өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісін ұсынады. Бұл ретте субсидияланатын өнімнің көлемі соңғы 3 жылда орташа аудандық өнімділік көрсеткішінен 30 %-ға аспауы тиіс. 1 тонна өндірілген өнімге бюджеттік субсидиялар алушылар тек 1 гектар eгic науқанына бюджеттік субсидиялар алушылар қатарынан болуы тиіс.
Тармақ 31
31. Бөлім құжаттардың келіп түсуіне қарай олардың толықтылығын және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей ВАК-тың қарауына енгізеді.
Тармақ 32
32. ВАК 3 күн ішінде Бөлім ұсынған материалдарды қарайды және олардың негізінде өндіріс көлемін көрсетіп, өндірілген өнім үшін бюджеттік субсидиялар алуға тауар өндірушілер, сондай-ақ әрбір тауар өндіруші бөлінісінде тиесілі бюджеттік субсидиялардың көлемін көрсетіп, осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялар алуға тауар өндірушілердің тізімін жасайды және аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкіміне бекітуге енгізеді.
Тармақ 33
33. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі ұсынылған тізімді бекіткеннен кейін Бөлім Астана қаласын қоспағанда, 2 күн ішінде осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды қоса бере отырып, оны Басқармаға жібереді.
Тармақ 34
34. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және 3 күн ішінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомосты және төлем шоттарын қалыптастырады. Басқарма төлем жүргізген кезде екі күн мерзімде аумақтық қазнашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін екі данада және төлем шоттарын ұсынады.
Тармақ 35
35. Басқарма ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі игерілмеген жағдайда игермеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. 1 гектар егіс науқанына тауар өндірушілерге төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы түпкілікті мәліметтер ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде, ал 1 тонна өндірілген өнімге келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде беріледі.
Тармақ 36
36. Қандай да бір аудан (облыстық маңызы бар қала) бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін.
Тармақ 37
37. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар немесе Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 38
38. Министрлік төменде тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде аудармағандығы үшін жауапты болады.
Тармақ 39
39. Облыстардың, Астана қаласының әкімдері және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкі нәтижелерге жетпегендігі үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есептің берілмегені үшін жауапты болады.
Басқа 1. Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі
Ережеге 1-қосымша Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі Р/с № Об­лы­стар­дың ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­сым да­қыл­да­ры­ның ата­уы 1 2 3 1. Ақ­мо­ла жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы қа­ра­құ­мық дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 2. Ақ­тө­бе күз­дік би­дай жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы та­ры дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 3. Ал­ма­ты күз­дік би­дай ар­па дән­дік жү­ге­рі кү­ріш май­лы да­қыл­дар қант қы­зы­л­ша­сы кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі же­міс-жи­дек­тер жү­зім жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі, сүр­лем­дік күн­ба­ғыс жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 4. Аты­рау ар­па та­ры май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі же­міс-жи­дек­тер жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан күз­дік би­дай жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы қа­ра­құ­мық та­ры дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі, сүр­лем­дік күн­ба­ғыс жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 6. Жам­был күз­дік би­дай ар­па дән­дік жү­ге­рі май­лы да­қыл­дар қант қы­зы­л­ша­сы кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі же­міс-жи­дек­тер жү­зім жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан күз­дік би­дай жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы та­ры дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 8. Қа­ра­ған­ды жа­з­дық би­дай ар­па сұ­лы дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 9. Қы­зы­лор­да дән­дік жү­ге­рі кү­ріш та­ры май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 10. Қо­ста­най жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы қа­ра­құ­мық та­ры дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі, сүр­лем­дік күн­ба­ғыс жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 11. Маң­ғы­стау кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 12. Пав­ло­дар жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы қа­ра­құ­мық та­ры май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан жа­з­дық би­дай күз­дік қа­ра­би­дай ар­па сұ­лы қа­ра­құ­мық дән­ді бұр­шақ­ты да­қыл­дар май­лы да­қыл­дар кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан күз­дік би­дай дән­дік жү­ге­рі кү­ріш май­лы да­қыл­дар мақ­та кар­топ қант қы­зы­л­ша­сы кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі же­міс-жи­дек­тер жү­зім жем­шөп­тік да­қыл­дар (өт­кен жы­л­ғы егі­л­ген кө­п­жыл­дық шө­птер­ді қо­с­па­ған­да) сүр­лем­дік жү­ге­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс 15. Аста­на қа­ла­сы жа­з­дық би­дай кар­топ кө­кө­ніс және бақ­ша өнім­де­рі жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ніс сүр­лем­дік жү­ге­рі
Басқа 2. Ауыл шаруашылығы басым дақылдары бойынша 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормалары
Ережеге 2-қосымша Ауыл шаруашылығы басым дақылдары бойынша 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормалары Р/с № Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­сым да­қыл­да­ры 1 гек­тар­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге 1 тон­на­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге 1 ай­мақ­тық ғы­лы­ми негіз­дел­ген аг­ро­тех­но­ло­ги­я­лар­ды сақ­тай оты­рып өсі­рі­л­ген дән­ді да­қыл­дар 670 2 дән­ді да­қыл­дар (ба­за­лық бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы) 350,0 3 дән­дік жү­ге­рі 2 500 4 сүр­лем­дік жү­ге­рі, сүр­лем­дік күн­ба­ғыс 650 5 жем­шөп­тік да­қыл­дар 450 6 май­лы да­қыл­дар 2282 1504 7 қант қы­зы­л­ша­сы 24 500 400 7.1 өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген қант қы­зы­л­ша­сы 50 000 8 кү­ріш 14 000 9 кө­кө­ні­стік-бақ­ша да­қыл­да­ры 9 000 9.1 өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стік-бақ­ша да­қыл­да­ры 24 000 10 жа­бық то­пы­рақ­та­ғы кө­кө­ні­стер * 1 300 000 11 же­міс-жи­дек да­қыл­да­ры 2 000 12 мақ­та 9 000 12.1 өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген мақ­та 24 000 13 жү­зім­дік­тер 2 000 14 кар­топ 2 420 * 1 дақыл айналымына арналған норма.
Басқа 3. Сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) бюджеттік субсидиялар нормативтері
Ережеге 3-қосымша Сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) бюджеттік субсидиялар нормативтері Р/с № Өнім­дер­дің тү­рі Са­тып алын­ған гер­би­цид­тер­дің 1 ки­ло­гра­мы­на/лит­ріне суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив Бір жыл­дық және көп жыл­дық қос жар­нақ­ты арам­шө­птер­ге қар­сы гер­би­цид­тер 1 Дез­ор­мон эфир, 72 % э.к. (2-эти­л­гек­сил­ді эфир 2,4-Д) 263 2 Фе­ни­зан, с.с. (ди­кам­ба+хлор­суль­фу­рон) 990 3 Зин­гер, ж.ұ. (мет­суль­фу­рон-ме­тил, 600 г/л) 9075 4 Грейз, 60 % с.ш.т. (мет­суль­фу­рон-ме­тил) 9450 5 Стриг, 72 % с.с. (ди­ме­тил­амин­ді тұз 2,4-Д) 216 6 Ди­а­мин, 72 % с.с. (ди­ме­тил­амин­ді тұз 2,4-Д) 180 7 Ди­а­лен су­пер, 480, с.с. (ди­ме­тил­амин­ді тұз 2,4-Д) 446 Қа­ра сұлы­ға қар­сы гер­би­цид­тер 8 Барс су­пер, 10 % э.к. (фе­нок­са­про­пп-этил) 901 9 Овсю­ген экс­т­ра, э.к. (фе­нок­са­про­пп-пэтил+ан­ти­дот) 1140 10 Клинч 100, 10 % э.к. (фе­нок­са­про­пп-этил) 1080 11 Аве­цид су­пер, 12 % э.к. (фе­нок­са­про­пп-этил) 810 12 То­пик 080, э.к. (фе­нок­са­про­пп-этил) 1757,4 Тұ­тас әсер ете­тін гер­би­цид­тер 13 Клинк, 36 % с.с. (гли­фо­сат, 360 г/л) 271 14 Спрут, с.с. (гли­фо­сат, 360 г/л) 270 15 Сти­рап, 45 % с.с. (гли­фо­сат, 450 г/л) 337 16 Бу­ран, 36 % с.с. (гли­фо­сат, 360) 360 17 Ура­ган фор­те 500 с.с. (гли­фо­сат, 500 г/л) 400,5
Басқа 4. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алуға өтінім
Ережеге 4-қосымша ___________________ауданының (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) ведомствоаралық комиссиясына Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алуға өтінім ________________________________________________________________ (құрылтай құжаты) ________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін_________________________________________ __________________________________________________________атынан (ауылшартауарын өндіруші) атынан бірінші басшы___________________________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) осымен: 1) мынадай алаңдарда ауыл шаруашылығы дақылдарының мынадай түрлерін өсіру үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың: _______________ га _____________ _____________ га __________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл) _______________ га _____________ _____________ га __________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл) _______________ га _____________ _____________ га __________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл) 2) сатып алынып мынадай көлемде қолданылған гербицидтердің: _________________________ _____________килограмм (литр) (гербицидтің атауы) (көлемі) құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар бөлуді сұрайды. Тауар өндірушінің заңды мекен-жайы:___________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 5. Тауар өндірушінің егістіктерін және екпелерін қабылдау АКТІСІ 200 жылғы «__» ____________ № ____
Ережеге 5-қосымша «Бекітемін» ______________________________ (облыстың атауы) ______________________________ (ауданның атауы) ауданының (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2010 жылғы «__» ____________ Тауар өндірушінің егістіктерін және екпелерін қабылдау АКТІСІ 200 жылғы «__» ____________ № ____ Біз, төменде қол қоюшылар, ВАК төрағасы __________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері __________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә) _______________________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә.) _______________________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және______________________________________________                           (тауар өндірушінің атауы) ___________ басшысы екінші тараптан 20__ жылы мынадай алаңдарда мынадай басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өскіні (екпесі): ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га алынғандығы туралы осы актіні жасадық. ВАК төрағасы __________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері __________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә) _______________________________________________________________                           (лауазымы, Т.А.Ә.) Тауар өндіруші: __________________________________                       (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Басқа 6. Жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алуға ________ ауданының, Астана қаласының тауар өндірушілерінің тізімі
Ережеге 6-қосымша «Бекітемін» ______________________________ (облыстың атауы) ______________________________ (ауданның атауы) ауданының (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2010 жылғы «__» ____________ Жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алуға ________ ауданының, Астана қаласының тауар өндірушілерінің тізімі Р/с № Та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­сым да­қыл­да­ры­ның ата­уы ВАК ак­ті­сі­мен қа­был­дан­ған егі­стік ала­ңы, га (шы­ға­ры­л­ған өнім­нің кө­ле­мі, тон­на­мен) 1 гек­тар­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі*, (1 тон­на­ға) тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мі, тең­ге (4-бағ. х 5-бағ.) 1 2 3 4 5 6 Басым гербицидтердің құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алуға ________ ауданының, Астана қаласының тауар өндірушілерінің тізімі Р/с № Та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Гер­би­цид­тер­дің ата­уы Са­тып алын­ған гер­би­цид­тер­дің кө­ле­мі, л (кг) 1 л (кг) суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы**, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­тын бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мі, тең­ге (4-бағ х 5-бағ.) 1 2 3 4 5 6 ВАК төрағасы_______________________ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі                 (Т.А.Ә, қолы)       ВАК мүшелері          ____________________________                                     (Т.А.Ә., қолы) _________________________       Т.А.Ә., қолы) ________________________               МО       (Т.А.Ә., қолы) Ескертпелер: * 1 гектарға және 1 тоннаға бюджеттік субсидиялар нормалары осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген; **сатып алынған гербицидтердің 1 л (кг) бюджеттік субсидиялар нормалары осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
Басқа 7. Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Ережеге 7-қосымша «Бекітемін» ______________________________ (облыстың атауы) ______________________________ (ауданның атауы) ауданының (Астана қаласының) әкімі ______________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2010 жылғы «__» ____________ Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Р/с № Та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­сым да­қыл­да­ры­ның ата­уы ВАК ак­ті­сі­мен қа­был­дан­ған егі­стік ала­ңы, га (шы­ға­ры­л­ған өнім­нің кө­ле­мі, тон­на­мен) 1 гек­тар­ға ар­нал­ған бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі*, (1 тон­на­ға) тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мі, тең­ге (4-бағ. х 5-бағ.) 1 2 3 4 5 6 Тауар өндірушілерге гербицидттерді сатып алуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Р/с № Та­у­ар өн­ді­ру­ші­нің ата­уы Гер­би­цид­тер­дің ата­уы Са­тып алын­ған гер­би­цид­тер­дің кө­ле­мі, л (кг) 1 л (кг) суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы**, тең­ге Тө­ле­у­ге жа­та­тын бюд­жет­тік суб­си­ди­я­лар кө­ле­мі, тең­ге (4-бағ х 5-бағ.) 1 2 3 4 5 6 Облыс (Астана қаласы) ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы бөлімінің бастығы       ___________________________________                   (қолы, Т.А.Ә.)       Бөлім бастығы       ___________________________________                   (қолы, Т.А.Ә.) Ескертпелер: * 1 гектарға және 1 тоннаға бюджеттік субсидиялар мөлшері осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген; ** 1 л (кг) бюджеттік субсидиялар нормасы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.