Об определении целевых групп населения на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына, 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары қосымшаға келiсе анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледi. КЕЛІСІЛДІ "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы _______________ Ю. Кондриков "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi" ММ бастығы ________________ Т. Лысяк
Басқа 4
Әкiмдiктiң 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекiтiлген 2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшiн халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi-жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.
Тармақ 13
13. Жиырма бiр жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 14
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтiлi мен тәжiрибесi жоқ техникалық және кәсiптiк бiлiм, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдардың түлектерi.
Тармақ 15
15. Он екi және одан көп ұзақ жұмыссыздықты.
Тармақ 16
16. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органының жолдамасы бойынша кәсiптiк оқуды бiтiрген жұмыссыздар.